Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлау учаскесінде заңбұзушылық: Видео Қазақстанда түсірілмеген болып шықты

Әлеуметтік желілерде таралған видео қазақстандық сайлау учаскесінде түсірілмеген болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

сайлау

Facebook-те сайлау учаскесінде бақылау камерасымен түсірілген бейнежазба жарияланды. Онда бюллетеньдердің дауыс беру жәшігіне салу барысы көрсетілген. Пост авторының айтуынша, бұл Қазақстанда орын алған жағдай. Портал мәліметінше, бұл ескі видео және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілген.

"Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған. Кейіннен мәскеулік Раменки ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылды, бұл туралы Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы өзінің Telegram каналында хабарлады. Демек, видеода көрсетілген бұзушылықтар Қазақстанда болған деген ақпарвт – фейк. Бұл жазбаның қазақстандық сайлауға ешқандай қатысы жоқ.", - деп жазылған Stopfake.kz сайтында.

Талқылау