Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барселонаның" жас шабуылшысы Ямаль жанкүйерлерге тегін қолтаңба беруден бас тартуда

Ламин ЯмальФото:FC Barceleno

“Барселонаның” 18 жастағы жұлдызды шабуылшысы Ламин Ямаль жанкүйерлерге тегін қолтаңба беруден бас тартуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, “Барселона” футболшысы Ламин Ямаль жанкүйерлерге тегін қолтаңба беруден бас тартты. Оның себебі – футболшы қолтаңбасын сатуды жоспарлап отыр.

Футболшы спорт жұлдыздарының қолтаңбасы бар киімдер мен тауарларды сатумен айналысатын арнайы сайттан ұсыныс алған. Ямаль бұл ұсынысты қабылдауға ниет білдірген. Осыған байланысты спортшының жарнамалық келісімшарттарын басқаратын тарап футболшыға тегін қолтаңба беруді тоқтатуды талап еткен.

Сондықтан енді Ламин Ямаль жанкүйерлерге ақылы түрде ғана қолтаңба береді. Айта кетейік, осы маусымда Ямаль “Барселона” сапында 5 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Футболшы каталондық клубпен 2031 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған. Ал Transfermarkt порталы, оның трансферлік құнын 200 миллион еуроға бағалауда.

Айнұр Мұхади
Жұма, 17 Қазан, 2025 13:20
Талқылау