"Барыстың" жаңа шабуылшысы Тайс Томпсон 200 миллион теңге табыс табады
Фото: AHL
"Барыстың" жаңа ойыншысы Тайс Томпсонның жалақысы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық клуб "Барыспен" келісімшартқа қол қойған америкалық шабуылшы Тайс Томпсонның табысы жайлы мәлімет жарияланды. Журналист Артур Хайруллин таратқан ақпаратқа сәйкес, хоккеистің жылдық жалақысы шамамен 200 миллион теңгені құрайды.
Томпсон 2019 жылғы НХЛ драфтында "Нью-Джерси Девилз" клубы тарапынан 96-нөмірмен таңдалған. Сол лигада ол 11 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Өткен маусымда 26 жастағы спортшы АХЛ-дағы "Бриджпорт Айлендерс" сапында ойнап, 65 матчта 21 (8 гол, 13 пас) ұпай жинады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

