Чемпиондар лигасы: "Қайрат" өз алаңында "Селтикті" қабылдайды

Бүгін алматылық "Қайрат" өз алаңында Шотландияның "Селтигін" қабылдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос команда арасындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен түнгі сағат 21:35 уақытында басталады. Бұл кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Глазгода өткен алғашқы ойында тең есеп тіркелген еді.
Сондай-ақ осы күні Кипрдің "Пафосы" Сербияның "Црвена Звездасымен" кездеседі.
Сәрсенбіде үш ойын өтеді: Әзірбайжанның "Карабахы" Венгрияның "Ференцварошына" қарсы ойнаса, Жозе Моуринью баптайтын "Фенербахче" Португалияда "Бенфикаға" қонаққа барады. Ал Бельгияның "Брюггесі" Шотландияның "Рейнджерсімен" күш сынасады.
Екі матчтық текетіресте жеңіске жеткен командалар Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, жеңілгендер Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

