Лукас Васкес карьерасын «Байерде» жалғастырады
Фото: Getty Images
Мадридтік "Реалдың" бұрынғы ойыншысы Лукас Васкес карьерасын Германияда жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы испандық футболшы "Байермен" келісімге келіп, медициналық тексерістен өтті. Ойыншының ресми таныстырылымы алдағы уақытта жарияланбақ.
Васкес биыл жазда "Реалдан" кетті. Ол мадридтік клуб сапында бүкіл мансабын өткізіп, 402 матчқа қатысып, 23 трофей иегері атанды. Оның ішінде бес мәрте Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания чемпионатын және Испания Кубогын жеңіп алған. Футболшы 2010 жылдан бері "Реал" жейдесін киіп, бірнеше рет капитандық міндет атқарды.
Өткен маусымда Васкес 53 ойында алаңға шығып, екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"

