Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" хоккей клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

Барыс бас бапкеріФото: hcbarys

Астаналық "Барыс" клубы негізгі құрамның жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Команданың тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец ұстады. Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған, әрі ол бір маусымға ұзартылуы мүмкін.

Айта кетейік, 62 жастағы Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Бұған дейін ол ҚХЛ аясында "Витязь", "Амур", "Авангард" және "Куньлунь" клубтарында жұмыс істеген.

Ал өткен маусымдағы нәтижелердің көңіл көншітпеуіне байланысты Ғалым Мәмбетәлиевпен жасалған келісім тоқтатылды.

2025/2026 жылғы маусымда "Барыстың" жаттықтырушылар штабы мына құрамда жұмыс істейді:

  • Бас бапкер — Михаил Кравец

  • Бас бапкердің көмекшісі — Талғат Жайлауов

  • Шабуыл шебінің жаттықтырушысы — Александр Савченков

  • Қорғаныс ойыншыларының бапкері — Евгений Королев

  • Дене дайындығы бойынша жаттықтырушы — Денис Малинин

  • Видео-талдау жаттықтырушысы — Сергей Тамбулов.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 16:08
Талқылау
`