Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәріне ортақ QR: ЦентрКредит Банкі банкаралық QR төлем қызметін қосты

ЦентрКредит Банкі банкаралық QR төлем қызметін қосты. Бұл жүйені Ұлттық банктің қолдауымен “Ұлттық төлем корпорациясы” АҚ әзірледі. Енді сатып алушылар QR-кодты жүйеге қосылған кез келген банктің мобильді қолданбасы арқылы сканерлей алады, ал кәсіпкерлер бір ғана Post-терминал арқылы төлем қабылдайды. Сөйтіп “QR арқылы төлейсіз бе, әлде карта арқылы төлейсіз бе?” деген сұраққа жауап берудің қажеті болмайды.

“Біз Ұлттық банктің жаңа төлем жүйесін дамытуға қатысты бастамаларын қолдаймыз. Банктер арасындағы QR төлемі жүйесін енгізу – елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдерге ыңғайлы экожүйе құру үшін маңызды қадам. Бұл кәсіпкерлерге де, тұтынушыларға да тиімді”, – дейді “ЦентрКредит Банкі” АҚ президенті Руслан Владимиров. 

Банкаралық QR төлемі жүйесі Ұлттық төлем корпорациясының API-ына (банктерді бір-бірімен байланыстыратын бағдарлама) қосылған барлық банкте бар. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемді әлдеқайда жеңіл әрі ыңғайлы етеді.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 15:11
Талқылау