Атырауда ер адам 8 жасар қызды өзімен алып кетпек болған

Видеодан скриншот
Желіде кішкентай қызды алып кетпек болған ер адамның видеосы тарады. Тұрғындар мұны байқап, лезде әрекет еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға кешке Атыраудағы Нұрсая Болашақ ықшамауданында болған. Белгісіз ер адам кішкентай қызды алып кетпек болған. Ары-бері өткендер араша түсіп, тәртіп сақшыларын шақырғанымен, күдікті қашып үлгерген.
“Мына ер адамды кішкентай қызды алып кетпек болған жерінен ұстап алдық. Сонда мамасы жоқ екен деп алып кету керек па? “Не үшін алып бара жатырсыз?” десек, “балаға нан беремін” деді. Баланы жұлып алып, үйіне қарай жібердім”, – деді әйел.
Куәгерлердің айтуынша, олар полицияны 30 минуттай күткен. Олар келмеген соң, қыздың анасымен тиісті полиция бөлімшесіне өздері барды.
"1987 жылы туған күдікті ұсталды. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді