Барак Обама өз зәрін ішуден бас тартты
АҚШ президенті Барак Обама Беар Гриллс шоуына түсер алдында өз зәрін өліммен бетпе-бет келмесе, соған өмірі қарап тұрған жағдай болмаса ішуден бас тартатынын айтты. Президент кейіпкер болған шоу Аляскада түсірілген, деп хабарлайды The Daily Beast. Бағдарлама 17 желтоқсан күні эфирге шыққан.
«Менің ондай әдетім жоқ. Шоу үшін ондай әрекетке бармасым да анық»,- деген президент.
Түсірілім кезінде Гриллс аюдан қалған балықты жеуге ұсыныс жасайды. Президент одан бас тартпаған.
Барак Обама осы түсірілім үшін Қыркүйек айында Аляскаға барған еді. АҚШ басшысын осындай шоуға түсуге мақылдату үшін ұзақ уақыт кетіпті. Түсірілім біткеннен кейін жоба авторы және жүргізушісі Гриллс президентті 50 шақты адамның бақылап жүргенін айтқан. Онда тек мергендер ғана емес тікұшақта әскерилер, президент баспасөз қызметі, күтушілері бірге барған.
Беар Гриллс британдық тележүргізуші әрі саяхатшы.Өз жобасында кейіпкерімен бірге жабайы табиғатта тірі қалудың сан түрін көрсетеді.
Талқылау