Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK елдегі ең ірі банктердің активтері бойынша рейтингте нәтижесін жақсартты

РБК банкі

Ranking.kz қазақстандық банктердің активтері 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша 64,8 триллион теңгеге жеткенін және бұл бір жыл бұрынғыдан 17,2% көп екенін мәлімдеді.

Ұлттық банктің дерегінше, соның ішінде барлық активтердің шамамен 90%-ы ондыққа кіретін ірі екінші деңгейлі банктің үлесіне тиді: 58,2 триллион теңге, жылдық өсімі – 17,4%.

Актив көлемі бойынша алғашқы ондыққа кірген банктер талданды. Бір жылда рейтингте бір ғана екінші деңгейлі банк өз орнын өзгертіп, бір саты жоғары көтерілді – ол Bank RBK. Бұл қаржы институты активтерін шамамен 19%-ға ұлғайтып, 2,4 триллион теңгеге жеткізді. Соның нәтижесінде 2024 жылдың шілде айының басындағы 10-орыннан 9-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Bank RBK еліміздегі жетекші коммерциялық екінші деңгейлі банктер арасында қазіргі өтімділік коэффициенті (k4) бойынша көш бастап тұр және меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) бойынша алғашқы үштікке кіреді. Сонымен қатар биыл 1 шілдеде қаржы институтының несие портфелі 1,2 триллион теңгеге, ал депозит портфелі 1,5 триллион теңгеге жетті.

банк рбк

Айта кетейік, екінші деңгейлі банктің жиынтық актив көлемі соңғы бес жылда 2,3 есеге, ал он жылда бірден 3,7 есеге өсті. 2025 жылдың 1 шілдесіндегі банктік активтердің табыстылығы (ROA) – 4,6%, ал капитал табыстылығы (ROE) – 31,7% болды. Ал таза пайда жартыжылдық қорытындысы бойынша 1,4 триллион теңге болды, бұл бір жылда 19,2%-ға көп.

банк рбк 2 кесте

ҚНРДА-дан 05.04.2021 ж. берілген № 1.2.100/245/41 лицензиясы бар

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 10:56
Талқылау