Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасы: Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали келесі кезеңге өте алмады

Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарында қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтете жасап.

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. 

Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңіліп қалды. 

Бұған дейін қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесіп, 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілген болатын.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық палуан балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалына шыға алмады. 

97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды. 

Талқылау