"Балмұздақпен алдады": Оралда ер адам 8 жасар қызға зорлық көрсеткен
Оралда сегіз жасар қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше бала көшеде ата-анасының қарауынсыз қалған.
"Қылмыскер балаға балмұздақ алып беріп, үйіне алдап кіргізген. Артынша бірнеше сағат бойы заңсыз әрекетке барған. Қазіргі уақытта күдіктінің ісі сотта қаралып жатыр", – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
- "Танысқан кезде мұндай болмаған": Алматылық әйел күйеуіне тұрмыстық зорлық көрсетеді деп шағымдануда
- Екі оқушы қыздың өлтірді деген күдікпен бұрын жыныстық зорлық үшін түрмеде отырып шыққан азамат ұсталды
Қадағалау органы ағымдағы жылы орын алған тағы бір зорлау фактісімен бөлісті.
"Бұл оқиға теміржол маңында болды. Ер адам үйіне кетіп бара жатқан жасөспірім қызды байқап қалып, еркінен тыс лас әрекеттер жасаған. Енді педофил кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады облыстық прокуратурада.
Талқылау
Пікір