Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі оқушы қызды өлтірді деген күдікпен бұрын жыныстық зорлық үшін түрмеде отырып шыққан азамат ұсталды

Ресейдің Кемеров облысындағы Кузбас елді мекенінде мектепке кеткеннен үйге оралмаған екі қыздың өлі денелері табылды. Тергеу комитетінің мәлімдеуінше, күдікті бұрын сотты болған 41 жастағы ер адам. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес қолға түскен азамат жыныстық зорлыққа қатысты сотталып, екі жыл бұрын бостандыққа шыққан. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“6 қыркүйекте Кемеров облысындағы Киселевск қаласында 10 жасар екі сыныптас жоғалып кеткен. Оқушылар мектепке кеткеннен қайта оралмаған, осыдан кейін түнде балалардың ата-аналары бірден құқық қорғау органдарына жүгінген”, – деп мәлімдейді Тергеу комитетінің облыстық департаменті.

Кемеров облысының департаментінің сайтында жазылғандай жоғалған оқушы қыздарды іздеу үшін Кемеров полициясы басшысының нұсқауымен ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы көтерілген. Полиция мен еріктілер қыздарды іздеу үшін бірлескен топтар құрады.

Сондай-ақ қыздарды іздеуге аса маңызды істерді тергеу үшін криминалистер мен тергеушілерден тұратын тергеу тобы келеді. Олар мектеп оқушыларының қарым-қатынас шеңберін анықтауға және таныстарының, сыныптастарының сонымен қатар жақын туыстарының мекенжайларын тексеруге кіріседі.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин жоғалған қыздардың ісін департаменттің орталық аппаратының бақылауына тапсырады.



7 қыркүйекте аймақтық МК қыздардың өлі денелері табылғанын хабарлады. Олардың зорлық пен қысым белгілері қалған денелері Киселевскідегі қараусыз қалған үйлердің бірінен табылған.

Оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 2-бөлігінің "а" және "в" тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар 7 қыркүйекте Тергеу комитеті оқушы қыздарды өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын мәлім етті. Ол Киселевскіден алыс емес жерде орналасқан Мыски қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу комитеті ұсталған адамның бұрын сотталғанын хабарлады, бірақ нақты қай баппен екені айтылмаған.

БАҚ істің байыбына барды

Интерфакстың дереккөзінің хабарлауынша, ұсталған адам бұрын жыныстық құқық бұзғаны үшін жазасын өтеген және шамамен екі жыл бұрын бостандыққа шыққан.

Бұған дейін әлеуметтік жергілікті желілер мен телеграмм арналарында "Мария-РА" дүкенінің бейнебақылау камераларынан бейне жазбалар жарияланған. Жазбадан қыздардың кассада қалай ер адамның қасында тұрғанын және ер адамның оларға тәтті алып беріп жатқанын көруге болады. Бейнежазбада күні мен уақыты да анық көрсетілген – 6 қыркүйек, 17:03.Тағы бір бейнеде ер адам мектеп оқушыларымен бірге дүкеннен автотұрақ бағытында шығып, гараждардың артына қарай кеткенін байқауға болады.

Кейін әлеуметтік желілерде қолға түскен күдіктінің мектеп оқушыларын зорлап, өлтіргенін мойындады деген ақпарат пайда болды. Ол, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қыздардың денелерін қайда жасырғанын көрсеткен. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Заң қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды

Күдіктінің аты-жөні ресми түрде жарияланған жоқ, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның есімі Виктор Пестерников. РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, колониядан босатылғаннан кейін Пестерников қадағалау шарттарын бірнеше рет бұзған, бірақ екі жағдайда да полиция тек ескертулермен шектелген.

Ер адам колониядан шыққаннан кейін қадағалаған профилактикалық органдар қызметкерлеріне қатысты қызметін дұрыс атқармау бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу мәліметінше, бостандыққа шыққаннан кейін ер адам басқа қалаға тұруға кеткен, бірақ профилактикалық органдарды ескертпеген.

Болған оқиғаға байланысты журналистер президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан Кремль педофилдерді жазалау туралы заңнаманы қатайтуды немесе қайта қарауды қажет деп санамайды ма деп сұраған.

"Бұл көрсеткіш бойынша президент әкімшілігінде ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Бұл іс құқық қорғау органдарының құзырына жатады", – деп жауап берген Песков.

“Мемлекеттік Дума, өз кезегінде, босатылған педофилдерге арналған электронды білезіктер туралы идеяны әзірлеуге кіріспек”, – деп хабарлайды РИА Новостиге Думаның депутаты Александр Хинштейн. 

Талқылау