Балқашта вагон жөндеушінің екі аяғын пойыз басып кетті
Балқашта вагон жөндеушінің аяғы рельс арасында қалып қойып, қашып үлгере алмай қалған. Жұмысшының екі аяғын да пойыз басып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Пойыз машинисі сағат 23.45 шамасында рельсте ер адамды көріп, шұғыл тежеуді қолданғанын, бірақ бұл апаттың алдын ала алмағанын айтқан.
Зардап шеккен жұмысшы ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.
- Қарағандыда бойжеткенді пойыз қағып кетті
- Жамбыл облысында жасөспірім пойыздың астына түсіп қаза тапты
"Ер адам Балқаш қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Пойыздың басып кетуінің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - дейді Балқаш стансасы желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов.
Талқылау