Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта соққыға жығылған 8 жасар баланың анасы жағдайдың қалай болғанын айтып берді

соққыған жығылған бала

Фото: Мадина Маратовнаның жеке парақшасы

Балқашта туысының соққысына жығылған сегіз жасар бала ем алып жүр. Оның анасы Мадина Маратовна оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Немолчи қорына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мадина 8 жасар ұлын әкесінің туыстарына қонаққа жіберген екен. Әкесі мен анасы ажырасып кеткен.

1 тамызда бұрынғы күйеуінің әпкесі оған телефон соғып, ұлы төрт жасар қызын зорлағысы келгенін айтып, баланы дереу алып кетуді талап еткен. Ал қыздың әкесі телефонға айқайлап, ұлын өлтіретінін айтқан. Ал бала сол кезде кішкентай қыз телефоннан видео көрсетіп, соны ойнауды ұсынған дейді. 

“Анасы келгенде қорқынышты нәрсені көрді, баланың басынан қан кетіп, жаралар болды, жылай-жылай көзі ісіп кеткен, қалтырап тұрды. Денесі көгерген, күйік және контузия болды, қолы сынған, оған қоса ішінде бөгде зат жұтқызған. Ашуланған әке сегіз жасар “педофилді” жазаласа керек”, – деп жазды Немолчи қоры.

Бұған дейін бала демалысқа Балқашқа атасының үйіне де барып жүрген екен. Бірақ келеңсіз жайттар болмады дейді.

“Баланың ата-анасы 2018 жылы ажырасқан, Мадина агрессия мен қысымның кесірінен ажырасқан, сол жерден қашып кеткен. Күйеуі оны тауып алып, зорлықпен ұрлап, қайтадан Балқашқа алып кеткен кездер де болыпты. Мадинамен ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуі адам ұрлау, ұрлық және бопсалаумен байланысты аса ауыр қылмыс жасап, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыдан кейін баланың анасы ұлын жазда атасына жіберуге келісім берді. Өйткені атасы немересін көргісі келеді, оған қаржылай көмектесіп, мейіріммен қарайды екен. Дегенмен бала атасымен ғана емес, әртүрлі үйде әртүрлі туыстарымен тұрған”, – деді қор.

Айтуынша, сол күні баланың құқықтары өрескел бұзылды. Олар бала есін жоғалтып, ауруханаға апарған кезінде баланы әткеншектен құлап қалды деген.

1 тамыз сағат 17:12-де сол жақ қабырға асты-желке аймағының көгерген жарақаты, жабық білезік сынуы және асқазанда бөгде зат анықталды. Балаға гипс салынып, үйіне жіберді.

“Анасы мен әжесі Балқашқа жеткенде, бала акушер-гинеколог болып жұмыс істейтін тәтесінің үйінде болған. Туыстарының бәрі сонда болыпты. Анасы бөлмеге кіргенде, 8 жасар баланың еденде жатқанын, басы қансырап жатқанын көрген. Ол бірден полицияға қоңырау шала бастады, бірақ ешкім келмеді. Сол үшін ана өзі полицияға барды. Полицейлер жедел жәрдем шақырып, бала бірден ауруханаға жатқызылды. Осыдан кейін күйік, ми шайқалу және көптеген жарақаттар тіркелді”, – делінген постта.

2 тамызда анасы мен баласын полиция бөлімшесіне шақыртып, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жауап алған.

“8 жастағы баладан тек ата-анасының, заңгер мен психологтың қатысуымен және міндетті үзіліспен екі сағаттан аспайтын уақытта жауап алуға құқылы. Олар баламен және оның анасымен қылмыскер сияқты сөйлесті. Барлық жауап баланың қалай жапа шеккені туралы емес, оның қалай зорлағаны туралы болды. Балаға адвокат берілмеді, соңында психолог келіп, жай ғана қағаздарға қол қойды. Олар балаға қысым көрсетіп, бөлім басшысы кәмелетке толмаған баланың барлық негізгі құқығын бұзып, бір сағаттан астам баланы жеке-жеке тергеген. Анасы жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды, қан қысымы көтеріліп, станцияда құлап қалды. Жауап алудан кейін бала кабинеттен әбден күйзеліп, шошып кеткен”, – деді Немолчи қорының өкілі.

Анасы баламен бірге Балқаш ауруханасына жатқызылды, ал мекеме қызметкерлері Алмастың отбасымен таныс екенін, онда оның жақын туыстары жұмыс істейтінін айтқан. 6 тамызда анасы мен баласы басқа ауруханаға жатқызылды. Балаға аралас жарақат диагнозы қойылды. Сол жақ қабырға асты-желке аймағында 06-ға 01 см бастың тігілген жарасы, мидың сол жақ қабырға асты-желке аймағының контузиясы, жабық бассүйек-ми жарақаты, Оң қолдың 5-мықын сүйегінің жабық сынуы анықталды. Арқа, сол жақ білек, оң жақ мықын аймағы, сол жақ сан, екі жіліншік бүйір беттерінде 1 дәрежелі термиялық жанасу күйіктер бары айтылды.

Бұған дейін Балқашта ер адамның 8 жасар баланы аяусыз соққыға жыққаны туралы жазған едік. Бұл туралы жәбірленуші баланың анасы Мадина Маратқызы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, ұрып-соққан Алмас есімді ер адам – бұрынғы күйеуінің жездесі (әпкесінің жұбайы). Әйел баланың денесіне түрлі жарақаттар салынғанын айтып, жұрттан көмек сұрады. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті, аталмыш факті бойынша күдікті ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

8 жасар баланы ұрып-соқты деп айыпталған ер адам өз нұсқасын айтып берді. Алмас есімді ер адам жәбірленуші баланың өзінің 4 жасар қызын шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағынын айтады.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 16:10
Талқылау
`