Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаш тұрғыны өзіне тұрмысқа шығуға келісім бермеген қызды аяусыз сабап тастады

Балқаш қалалық соты әйелді сабап өлтірген еркекке қатысты істі қарады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ҚР ҚК 106 бабы бойынша іс қозғалған.

2017022818104659078_jut20160513

Айыпталушы А. әйелмен такси жүргізушісі болып жүрген кезде танысып, оны жұмысынан үйіне дейін апарады. Ол әйелді ұнатып қалып, қарым-қатынасты жалғастыра түседі.

2016 жылы қыркүйек айында айыпталушыға сағат 20:30 шамасында бір танысы хабарласып, өзін “Рүстем” кафесінен алып кетуді өтінеді. Айыпталушы келісіп, кафеге келген.

Жолда А. әйелге ұсыныс жасап, бірақ қарсы жауап алады. Ұрыс болып, ақыры соңы аяусыз төбелеске ұласқан. Осылайша ол әйелді Балқаштан шыға берісте қалдырып кеткен. Бұрын адам өлтіргені үшін сотталған А. кейін қан ізін білдірмес үшін әйелдің бүкіл киімін шешіп алады.

Денесінің бірнеше бөлігі сынған әйел, біраз күннен соң ауруханада көз жұмады.

“Сот үкімімен А. қылмыстық іске айыпты деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылады. ҚР ҚК 46 бабына сәйкес жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Тағайындалған 11 жылдың ол 3 жылын түрмеде өткізеді”, – деп хабарлады сотта.

Оқи отырыңыз:

Шымкент мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қаза тапты

Өскеменде анасы 2 жасар баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып кеткен

20 жастағы қандықол жас баланың етін жеп жатқан сәтте ұсталды (фото)

Ақмола облысы тұрғыны адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастай салған

Талқылау