Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек бүлдіршін қыз тірі қалды: Балқаш маңында жол апатынан 4 адам қаза болды

3 шілде күні таңертең Балқаш маңындағы тасжолда болған жол апатынан үш ересек пен бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балқаш маңында жол апатынан 4 адам қаза болды

Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. Қайғылы оқиға әкімшілігі Балқаштың қарамағына кіретін Гүлшат кентінен 10 шақырым қашықтықта болды. 

Алдын ала деректер бойынша, BMW жүргізушісі қарсы жолға шығып, "Даф" көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында үш ересек пен бір бала қайтыс болды.

Біреуі ауруханаға түсті.

"Зардап шеккен адамға барлық қажетті көмек көрсетілді", - деді ауруханадағылар.

Полиция оқиға орнында тексеру жұмысын жүргізіп жатыр.

Талқылау