Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балиде өмір сүру Алматыға қарағанда арзан": Шетелге көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова елге оралды

әсел актрисаФото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/

Отандық кино индустрия арқылы танымал болған Әсел Сәдуақасова Балидегі өмірін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Индонезия еліне демалысқа кеткен еді. 

“Өз тәжірибем бойынша айтар болсам, Балида өмір сүру Алматыға қарағанда 2-3 есе арзан. Алматыда түрлі шығындарым көп. Ал мұнда тек негізгі қажеттіліктерге – тамақ, жолақы және басқа да ұсақ-түйекке ғана ақша жұмсаймын", – деді Әсел Сәдуақасова.



Әңгіме барысында өнер иесі Қазақстанды қатты сағынғанын да жасырмады:

"Мен өзімнің сүйікті Қазақстанымды өте қатты сағындым. Былтырғы жылдың қарашасынан бері болмадым. Бірінші рет осынша ұзақ. Қайту уақыты келді деп ойлаймын", – деді ол.

Еске салайық, Әсел Сәдуақасованың экс-күйеуі ажырасуға қатысты пікір білдірген еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сенбі, 16 Тамыз, 2025 13:52
Талқылау