Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бали жағалауында жолаушылар паромы суға батып кетті: Төрт адам қаза тауып, ондаған адам әлі іздестіріліп жатыр

Фото: selayarnews.com

Индонезияның Бали аралы маңында алпыстан астам адам мінген паром суға кетіп, кемінде төрт адам қаза тапты, тағы ондаған адам хабарсыз кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті құтқарушылардың мәліметінше, 2 маусым күні кешкісін суға кеткен кеменің бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.

Паром Шығыс Явадан Бали аралына бет алып бара жатқан.

"23 адам құтқарылды, төртеуі қаза тапты", – деп мәлімдеді Ява аралындағы Баньюванги қаласының полиция басшысы Рама Самтама Путра AFP агенттігіне.

Апат неден болғаны әлі белгісіз.

CNN Indonesia таратқан мәліметке қарағанда, Кетапанг – Баньюванги – Гилиманук бағытын бетке алған кеме орнынан қозғалғаннан кейін шамамен 25 минуттан кейін суға батып кеткен.

Паромға 22 автокөлік тиелген. Оның 14-і жүк көлігі болған.

Аида Тақабаева
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 11:04
Талқылау