Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланың үш ата-анасы болады": Британияда жасанды ұрықтандырудың жаңа әдісі қолданысқа енді

Ұлыбритания үкіметі 2015 жылы үш ата-анадан бала жасаудың инновациялық әдісін мақұлдағаннан кейін, елде жасанды ұрықтандырудың осы әдісінің арқасында бірнеше бала дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Британдық эмбриология және жасанды ұрықтандыру басқармасы мәлімдеді.

Ньюкасл университетінің ғалымдары үш жақты ЭКҰ-ның революциялық әдісін ойлап тапты. Ол "митохондриялық алмастыру терапиясы" деп аталады және балалардағы емделмейтін генетикалық бұзылулардың алдын алады.

Жасанды ұрықтандырудың бұл әдісі әйел донордың ДНҚ-сының 0,1%-ын қолданады.

Мұнда сау донор әйелдің жұмыртқасынан алынған митохондрияларды баланың анасының жұмыртқасынан алынған ядромен біріктіреді.

Митохондрия - жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін бөлігі.

Олар тек аналық жолмен беріледі, сондықтан процедураға тек әйел донорлар қатысады.

Митохондриялардың өздерінің ДНҚ-сы бар, бірақ ғалымдар айтқандай, бұл болашақ нәрестенің түріне немесе басқа жеке ерекшеліктеріне әсер етпейді. Сондықтан донордың митохондрияларына қарамастан, бала тек өз ата-анасына ұқсайды.

Ананың жасушаларындағы митохондриялық ақаулардың кесірінен баланың денсаулығында кінәраттар болады. Ми қызметінің бұзылуы, бұлшықет дистрофиясы, жүрек ақаулары аурулары туады және зағип болуы мүмкін.

Ньюкасл университетінде зерттеулерді басқарған профессор Даг Тернбуллдың айтуынша, ана жасушаларындағы митохондрия дұрыс болмаса, бала 48 сағатта шетінеп те кетеді.

Көбінесе осының салдарынан бала ерекше қажеттілігі бар адам болып туады", – деп қосты профессор.

Ғалымдардың пікірінше, әлемде шамамен 6000 нәрестенің біреуі митохондриялық аурумен дүниеге келеді.

Бұл қалай жүзеге асады?

Үш жақты ЭКҰ кезінде ұрықтанған аналық жұмыртқадан ядроны алып тастап, оны сау митохондриялары бар ұрықтандырылған донорлық жасушаға ауыстырады.

Ньюкасл университетінің ғалымдарынан әлі түсініктемелер болған жоқ, сондықтан әдістеменің қаншалықты сәтті болғандығы туралы мәліметтер белгісіз.

"Митохондриялық алмастыру терапиясының әдісі практикалық деңгейде қаншалықты сәтті болды және олардың болашағы қалай боларын білу қызықты болады", – деді Британдық Фрэнсис Крик ғылыми институтының даму генетикасы бойынша маманы Робин Ловелл-Бадж.

Ең алғаш осы әдіс арқылы дүниеге келген бала

2015 жылы Ұлыбритания үкіметі заңнамалық деңгейде митохондриялық алмастыру терапиясына рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде, Ұлыбританияда осы процедураның арқасында 150-ге дейін бала тууы мүмкін деп есептелді.

Алайда, Ұлыбританияда пандемия аяқталып, жағдай дұрысталған соң, ауқатты ата-аналармен жұмыс істеуге дайын донорлар тапшы.

Нәтижесінде, осы жолмен әлемдегі ең алғашқы нәресте  Мексикада дүниеге келді.

Анасы орталық жүйке жүйесіне әсер ететін Лей синдромының тасымалдаушысы болған.  Өзінің дені сау, бірақ митохондриялардың салдарынан екі баласы шетінеді.

Рим-католик және Англикан шіркеулерінің өкілдері үш жақты ЭКҰ этикалық сай емес және қауіпті процедура деп санайды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 11 Мамыр, 2023 15:05
Талқылау