Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланың түсінігіне ауыр": Желі қолданушылары діни тақырыптарды қозғағаны үшін Айгөлек журналын сынап тастады

айгөлек журналы

Видеодан скриншот

"Шайтанның алдамшы 12 сөзі", "Тозақ " сынды діни сипаттағы әңгімелер жариялаған Айгөлек балалар журналы дауға қалды. Бүлдіршіндерге арналған басылымның жазбаларын бүгінде ақын-жазушылар сынға алып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пайғамбар мен шайтан, өлім мен күнә туралы діни әдебиеттерден үзінділер жариялаған "Айгөлек" желіде  қызу талқыланып жатыр. Ақын-жазушылар журналдың оқырмандары балалар екенін ескеруді және онда дінді араластырмауды талап етті.

“Баланың түсінігіне ауыр тақырып. Анығын айтқанда, діни тақырыпта берілген дүние. Менің ойымша, бала кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана бұл тақырыпты өзі таңдауы керек”, – деді ақын Дариға Нұрашева. 


Time журналы “Жыл адамы” атағын жасанды интеллекттің негізін қалаушыларға берді


Журналды ашық сынаған қаламгерлер басылымның редакторынан түсіндірме күтетінін жеткізді.

Ал редактор Қымбат Әбілдәқызы журналдағы шығармалар профессор Мырзакелді Кемел мен Қаламқас Темірбаева жазған "Өнеге" кітабынан алынғанын мәлімдеді. 

“Балалар арасында жиі кездесетін қатыгездік, бір-біріне қастандық жасау өршіп тұрған уақытта жас сананы тыйыммен тәрбиелеудің бір жолы – осы болар деп журналға ұсындық. Ал желідегілердің пікірі – таза көреалмаушылық, іштарлық, журналға жазылу кезіндегі аяқтан шалу деп түсінемін”, – деді “Айгөлек “ балалар журналының бас редакторы Қымбат Әбілдәқызы.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 27 Желтоқсан, 2025 08:22