Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың мұрнынан тірі құрттар шықты: Оның қалай пайда болғаны белгілі болды

Қарағандыда дәрігерлер екі жасар қыздың мұрнынан құрттар алды. Бүлдіршін мұрнына губканың бір бөлігін тығып жіберіп, қайта шығармаған. Мұрындағы бөгде зат шіріп, соның салдарынан құрттар пайда болыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарағандыда мұрнынан құрттар шыққан балаға не болғаны анықталды.

"Тексеру кезінде оң жақ мұрын тесігінде губка мен құрттар табылды. Губка мұрнында қанша уақыт болғаны белгісіз", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта баланың мұрын қуысына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы анестезиямен мұрын жолдары мен синустарды эндоскопиялық қайта қарау жоспарлануда.

Сонымен қатар дәрігерлер өңеш пен синусын тексерді. Синустың рентгенографиясы синуситтің катаральды құбылыстарын анықтады.

Бала бұған дейін әжесінің қарауында болған.

Талқылау