Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаңа ат қоюды өзің шешуің керек": Баян Алагөзова қызының есіміне қатысты тың мәліметті бөлісті

50 жасында үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызы қызына не себепті ерекше есім бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Өнер иесі қызының атын қойғанда ешкіммен ақылдаспағанын жасырмады. Айтуынша, бала күнгі арманы орындалған. 

“3-4-сынып оқып жүргенде “Алиса ғажайыптар елінде” деген мультфильм көрдім. Қатты әсерге бөленіп, кітабын да оқып шықтым. Егер қызым болса, атын Алиса деп қоямын деген өзіме уәде беремін. Бірақ ол арманым менің биыл ғана орындалды”, – деп бастады әңгімесін продюсер. 



Сондай-ақ өнер өкілі ата-ана әр баласының атын өзі ғана қоюы керек деген ұсыныс айтты. 

“Бірінші қызым Айсәуле дүниеге келгенде ата-анамыз қоюы керек болды. Қазақ емеспіз бе, үлкендерге жол бердік. Бірақ мен осы дәстүрді түсінбеймін. Ол сенің балаң болғандықтан, қандай есім беретінін сен шешу керексің. Бірақ бізде олай емес, сондықтан бірінші баланың есімі талқыланған жоқ. Одан кейін Айару дүниеге келгенде де оның атын Алиса деп қойғым келіп еді, бірақ мені ешкім қолдамады. Маған бәрі "немене, қазақтың аты емес, қайдағы Алиса" деді. Сондықтан ата-анамыздың сөзіне құлақ астым, себебі олар оған қызғанышпен қарады. Қазірдің өзінде анама бұл есім ұнамайды. Бүгінде мен 50 жастағы әйелмін. Қалаған есімді қоя аламын. Баламның атын қоюыма толық құқығым бар. Бірақ бұл жасқа қарамауы керек”, – деді жас ана. 

Еске салайық, 50 жасында сәбилі болған Баян Мақсатқызының құдағиы ерекше құттықтағанын жазған едік. 

Талқылау