AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымның мектеп бітіргенде өз үйлері болады": Алматылық тұрғын "Балалар депозитімен" қалай ақша жинап жатқанын айтты

Алматы қаласының тұрғыны Меруерт Уксикбаева төрт баласына бірдей шот ашып, болашақ баспаналарына осы бастан қаржы жинап жатыр. Отбасы банк көмегімен үйлі болған жұбайлар енді аталмыш қаржы құрылымы арқылы балаларын баспанамен қамтамасыз етпек. Бұл амалын болашаққа жасалған инвестиция деп атаған көп балалы келіншек Stan.kz тілшісіне балалар депозитінің артықшылықтары туралы айтып берді.

Алматы тұрғыны балаларына арналған депозитті 2018 жылы ашқанын айтады. Ол кезде кенжесі 3 жаста болса, ең үлкені 9-да болған екен. Қазірде Меруерт төрт баласына бірдей депозит жинап жатыр. 

"Депозитті балаларымыздың болашағы үшін, олардың әрқайсысына баспана аламыз деп жинай бастадық. Қазір әр депозитке ай сайын 20 мың  теңгеден аударып жүрміз. Оған жыл сайын банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақы қосылып тұратыны қуантады. Барлығын қоса есептегенде қазір қомақты қаржы жиналып қалды. Оны балаларымыздың болашағына құйған инвестициямыз деп білеміз", – дейді көп балалы ана.

Оның сөзінше, отбасы балаларға арналған депозиттің бар екенін кездейсоқ білген. Жұбайымен бірге үй алу үшін Отбасы банкіне барып, шот ашып жүргенде қаржы құрылымы қызметкерлерінен депозит туралы естіп, сол арада кеңес алып, балаларға салым ашамыз деген ұйғарымға келген екен.

"Ол кезде үйіміз жоқ еді. Отбасы банкінен шот ашып, 10 жылдай ақша жинап жүрдік, кезегімізді күттік. Осылайша банк бөлімшесіне барып жүрген уақытта менеджерлерден осындай депозит бар екенін, балаларымызға арнап кішкентайынан ақша жинауға болатынын білдік. Содан 2018 жылдан бері әр баламыздың шотына тоқтатпай, өз несібелерін жинап келе жатырмыз", – дейді Меруерт.

Жуырда бұл отбасы бесінші балаларының дүниеге келгенін атап өткен. Бұйыртса жақын күндері “Отбасы банкінен” оның атына да депозит ашу жоспарда бар – дейді отбасы.

Айта кетсек, "Балалар депозиті" Отбасы банк депозиттерінің барлық артықшылықтарына ие болады. Салымдағы қаражатқа 2% көлеміндегі банк сыйақысы мен бір жыл ішінде жиналған соманың 20%-на тең (200 АЕК-тен аспайтын сомаға) мемлекеттік сыйлықақы аударылатыны туралы кейіпкеріміз жоғарыда айтып өтті. Сондай-ақ аталған депозит отбасылық пакеттің бір бөлігі бола алады. Бұл дегеніміз бүкіл отбасының жинағы бойынша табысты арттыруға мүмкіндік береді деген сөз. 

Кем дегенде 3 жылдық мерзімі бар, келісілген соманың жартысы жинақталған, бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні 16-ға жеткен балалар депозиті 5%-бен (ЖТСМ 5,2% бастап) заем алуға мүмкіндік береді. Егер бұл көрсеткіштер одан да жоғары болса, пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше төмендейді. Алайда бұл үшін депозит иесі 18 жасқа толуы қажет. Несиелендіру мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.

Балалар депозитін қалай ашуға болады? 

14 жасқа дейін баланың атына депозитті тек ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері аша алады. 14 жасқа дейінгі баланың атына депозит ашарда оның туу туралы куәлігі қажет. Сондай-ақ ата-ананың я болмаса заңды өкілдің бірі өзінің жеке куәлігін ұсынуы тиіс.

Ал 14 жастан бастап бала “Отбасы банкінен” депозитті өз бетінше аша алады, алайда ата-ананың келісімін алу міндетті. Сонымен қатар 14 жасқа толған баладан да туу туралы куәлік талап етіледі, онымен келісімшарт бекіту үшін заңды өкілінің жазбаша рұқсаты қажет болады.

"Әр баланың несібесі өзіне бұйыртса дейміз. 5 балама жәрдемақы төленеді, сол ақшаны төртеуіне жеткізіп ай сайын салып отырамын. Өзім бала тәрбиесімен үйдемін. Арасында күйеуімнің жалақысының бір бөлігін де депозитке аударып отырамыз. Балаларымыз ер жетіп келе жатыр, үлкені 8 сыныпта. Болашақта депозиттерін өздеріне баспана алуға жұмсасақ деген ниетіміз бар”, – дейді көп балалы ана. 

Меруерт балалар депозитінің артықшылықтарын жүрген жерінде таныстарына айтып, оны ашуға көп адамды өз тәжірибесімен ынталандырған көрінеді. 

"Өзіміздің 4 жылдық тәжірибемізге сүйеніп, балаларға арналған депозиттің пайдасы көп деп сеніммен айта аламын. Мысалы, шет мемлекеттерде бала өмірге келе салысымен ата-анасы жинақтаушы шот ашып, өскенше қаражат қорын қалыптастырады. Біз де балаларымыздың болашағын ойлайтын болсақ, онда қазірден бастап әрекет еткеніміз дұрыс. Бұл – балаларымыздың болашағына жасалған капитал", –  деп аяқтады сөзін Меруерт Уксикбаева.

Қазіргі таңда 212 666 қазақстандық “Отбасы банкінде” балаларының болашақ баспанасы үшін ақша жинап жатыр. Олардың шоттарында шамамен 43,9 млрд теңге бар. Оның ішінде басым бөлігі – 112 379-ы ұлдар үшін, ал 100 287-сі қыздарының атына ашылған.

Ең белсенді ата-аналар Алматы қаласында тұрады. Бұл қалада 25 775 балалар депозиті (5,8 млрд теңге) ашылған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласының салымшылары тұр, елорданың кәмелетке толмаған тұрғындарына 24 826 шот ашылған (5,5 млрд теңге). Үздік үштікті Шымкент қаласының тұрғындары қорытындылайды, мұнда жас банк клиенттерінің атына 17 057 шот (4,1 млрд теңге) ашылған.

Мерует балаларын қаржылық жағынан сауатты етіп тәрбиелесем деген мақсатын да жасырмады. Ол балаларымның болашағы қаражатқа тәуелді болмаса екен дейді.

"Қазір әрбір мәселе ақшаға келіп тірелетіні рас. Дей тұрғанымен балаларым болашақта бұл тұрғыда таршылық көрмесе екен деймін. Ешқайсысын бөліп-жармай, әрбіріне депозит ашып қойғанымызды айттым ғой, енді сол жиналған қаржыны ақылмен пайдаға жарататын білім қалыптастырғымыз келеді. Менің жеке пікірім, балаларға арналған депозит – болашаққа іргетас қалаудың ең тиімді бастамасы. Шотқа салған әр тиын балаңызбен бірге өсіп отырады. Ал ертеңгі күні ұлдарым мен қыздарымның бастарында баспаналары болып, өз балаларына шот ашып, қаржы салып жатқанын көрсек, мақсатымыздың орындалғаны дер едім” - деді көп балалы келіншек. 

Айта кетсек, 2020 жылдан бері “Отбасы банкінде” балаларға арналған “Арнау” депозитін ашуға болатынын айта кеткен жөн. Шарт бойынша, келісімде көрсетілген соманың 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 ұпайға тең Бағалау көрсеткішіне (БК) ие болу керек. Осы талаптар орындалған соң депозит иесі тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен (ЖТСМ – 2,1%-дан бастап) тұрғын үй заемын рәсімдей алады. Қарыз тек кәмелеттік жасқа толған депозит иесіне атына беріледі, яғни үй алар сәтте баланың жасы 18-ден жоғары болуы керек.

"Арнау" депозитінің шарттары: 

  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі: 2%; 
  • Жинақтау мерзімі: 10 жылдан 15 жылға дейін;
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: 6%-ға дейін (мемлекет сыйлықақысын қоса алғанда);
  • Жинақ мерзімі біткен соң заем бойынша жылдық мөлшерлеме: 2% (ЖТСМ 2,1%);
  • Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы: 20% (бір жыл ішінде жиналған 200 АЕК-ке дейінгі жинақ сомасына);
  • Депозит ашу үшін комиссия: 0%;
  • Депозит иегерлеріне арналған несиелендіру мерзімі: 6 айдан 10 жылға дейін
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр