Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымыз бір сыныпта оқиды": Дана Нұржігіт Қайрат Нұртастың шығармашылығына қолдау білдірді

Танымал журналист, экс сенатор Дана Нұржігіт эстрада жұлдызы Қайрат Нұртаспен жолығып қалып, өткен күнді есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dana_nurzhigit/

БАҚ өкілі кезінде өзі жүргізген бағдарламаның шымылдығы өнер иесіне арналғанын да айтып өтті. 

“Есейіп кетіпті. Баяғыда "Даражол" бағдарламасын Қайратпен бастағанбыз. Құрметті көрермендер, оқырмандар, балаларымыз бір сыныпта оқиды. Осылай өмірде үзеңгілес болып келе жатырмыз", – деді тележүргізуші. 



Өз кезегінде өнер иесі де журналиске құрмет көрсетіп, тілеулес болды. 

“Мен өзіміздің сүйікті анамызды көріп қалдым. Дана апай, атақты, мықты журналист. Рақмет сізге. Мына өмірде сіздей жан болғанына мен қатты қуанамын. Бақытты болыңыз, отбасыңызға береке тілеймін. Сізді ерекше сыйлаймын. Біздің отбасы тек сізді қарайды, тек сізді тыңдайды. Аман болыңыз", – деді Қайрат Нұртас. 

Еске салайық, өнер иесі ұшақта досымен төбелесіп, 15 күн қамауға алынғанын жазған еді. 

Талқылау