Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапасы сын көтермейді: Депутаттар кітапхана туралы заң қабылдауды ұсынды

Парламент сенатының отырысында депутаттар еліміздегі кітап өндірісін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенат депутаты Рысқали Қалиақпаров балаларға арналған электронды кітап жүйесінің кемшіліктерін сынға алды. Ол қашықтан оқыту кезінде мұндай олқылықтардың болуы балалардың білім деңгейіне әсер ететінін жеткізген.

"Балаларға арналған электронды кітаптардың сапасы аса емес. Үш тілді нұсқасын оқу қиын. Кейбір кітаптардың аудио нұсқасы ашылмайды. Жылына бұл жобаға 30 млн теңге бөлінсе де, порталдың сапасы сын көтермейді. Бұл қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында балалардың біліміне әсер етеді", - дейді депутат.

Сонымен қатар, ол үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

"Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, көршілес мемлекеттерде кітапхана қызметі туралы заң қарастырылған. Қазақстанда кітапхана туралы заң жобасын әзірлеу, электронды кітаптардың сапасын жақсарту, елімізде басылатын кітаптарың сапасы толығымен тексерілуін ұсынамыз", - дейді ол. 

Еске салсақ, осыған дейін жазушылар кітапханаларды орталықтандыру мәселесіне пікір білдірген болатын.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 09:40
Талқылау