AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар үйіне және мешіт салуға көмектесемін": Қаскелең тұрғыны лотереядан 47 миллион теңге ұтып алды

Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны Сейітхан жиырма жылдан астам уақыт бойы ай сайын ұтыс жеңіп аламын деген үмітпен лотерея билеттерін сатып алып келген. Табандылығы және сәттілікке деген сенімінің арқасында ол осыдан бір апта бұрын "Сәтті Жұлдыздың" "5/36"лотереясында 47 миллион теңгеден астам ұтысқа кенелді. 

Сейітханның жеңісі туралы қызы Жанар айтып берді. Бойжеткеннің сөзінше, қазіргі таңда оның әкесі зейнеткер. Көптеген жылдар бойы лотереяға үзбей қатысып отырған. Бірақ айтарлықтай көп ұтыс ұтпаған, тек билет құнын ғана шығарып отырыпты.  

"Әкем айына лотерея билетін сатып алуға өзінің зейнетақысынан 15-20 мың теңге жұмсайды. Бұл туралы біздің барлық таныстарымыз біледі. Мен өзім де лотереяға жиі қатысамын. Айына бірнеше рет билеттер сатып аламын. Әдетте аз ғана ұтыс ұтатынмын – ары кетсе 500-1000 теңге. Бірақ осы жолы қасиетті Рамазан айында үлкен олжаға кенелдік", - дейді Жанар.

Осы жолы ер азаматтың айы оңынан туып, ақырында "Сәтті Жұлдыз" ұсынған "5/36"лотереясында джекпот иегері атанды.

"Біз ірі сома ұтатынымызды сезгендей қатты қобалжыдық. Әкем тіпті ұтыстың алдында түні бойы ұйықтамағанын айтты. Билетті сатып алған жерге барғанымызда  сатушы-кеңесші жеңгенімізді айтып, сүйінші сұрады. Біз алғашында сенбедік. Осыдан соң "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясына қоңырау шалып, ұтысымызды нақтылап сұрап білдік. Олар қажетті құжаттарды дайындап, кеңсеге келуімізді өтінді", - дейді ол.

Отбасының туыстары әлі ештеңе білмейтін көрінеді. Сейітхан мен қызы ақшаны алғаннан кейін ғана туыстарын ақ дастархан басына жинап барып, хабарлауға шешім қабылдаған. Бір қызығы ұтысты қайда жұмсайтындарын отбасы әлдеқашан шешіп қойыпты. 

"Әкем жақында Ақтөбе қаласында біздің ата-бабаларымыздың құрметіне үлкен мешіт салынып жатқанын естіген. Ол құрылысқа қаржылай көмек көрсеткісі келеді. Сондай-ақ біз Қаскелеңдегі балалар үйіне азық-түлік, киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алуға көмектесуді жоспарлап отырмыз. Бұнымен қоса қарттар үйіне де барып, қол ұшымызды созғымыз келеді", - дейді Жанар Сейітханқызы.

Отбасы алдағы уақытта да лотереяға қатысуды жалғастыра беретінін жеткізді.  

Тағы бір қазақстандық, 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Беспай Бейсембаев лотерея билетін үш мың теңгеге сатып алып, 5 миллион теңгені қанжығасына байлады. Ол да ұтысқа кенелетінімді сездім дейді. Жігіт алайда ұтыс осыншалық  қомақты болады деп күтпеген. 

"Лотереяға бір жарым ай бұрын ғана қатыса бастадым. Оған дейін онша қызығушылық танытпадым. Осы уақыт ішінде 10 мың теңге жұмсап, билеттерді бар болғаны үш рет қана алып үлгердім. Соңғы рет "Сәтті Жұлдыз" лотереясының билетін 3000 теңгеге сатып алғанмын. Бірдеңе жеңіп алатынымды сезгендей болдым. Бірақ мұндай көп ақша аламын деп ойламадым", - дейді Беспай.

Ол өзінің ұтысы туралы кеш білгенін есіне алды. Өйткені билетін тексеруді ұмытып кетіпті. Кейінірек қорғаушы қабатын өшірген кезде ғана жеңгенін ұққан. 

"Алдымен сату нүктесіне бардым. Ол жерде маған қайда хабарласу керек екенімді айтты. Ұтысты алу үшін барлық құжаттарымды жинап, "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне асықтым. Өте толқып тұрмын, қуанышымда шек жоқ. Төбем көкке жеткендей болды. Енді өзіме автокөлік сатып алуды жоспарлап отырмын. Ал қалған соманы жеке кәсібімді  ашып, арманымды жүзеге асыруға жұмсамақпын", - деп қорытындылады жас жігіт.

Айта кетсек, енді әрбір қазақстандық ірі қаражатпен қоса пәтер де ұтып ала алады. Мұндай мүмкіндікті TeleBingo лотереясы сыйлайды. Үй ұтысы 8 мамырда өтеді. Оған қатысу үшін бес лотерея билетін сатып алу керек.

Қатысушылар ұтыс нәтижесін 31-арнадан немесе “Сәтті Жұлдыздың” YouTube арнасынан сағат 9.00-де тікелей эфирде біле алады.

Тағы бір жақсы жаңалық: TeleBingo 17 сәуірден 1 мамырға дейін бір билет пакеті арқылы 7 түрлі мүмкіндік сыйлайды. Ол үшін TeleBingo билеттерінің бір пакетін немесе бір чекпен бес билетті сатып алу керек. Лотерея тек тираждарға ғана емес, сонымен қатар пәтердің және Redmi Note 11 смартфонының ұтысына қатысуға мүмкіндік береді!

Айта кетейік, қатысушы қанша билет сатып аламын десе де, еш шектеу қойылмайды.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр