Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

L’aroush зергерлік үйі “Сәби” қормен қайырымдылық серіктестік аясында “Семей медицина университеті” КЕАҚ-ның шұғыл балалар хирургиясы бөліміне заманауи электрохирургиялық жабдық табыстады.

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

Жоба аясында медициналық мекемеге Valleylab VLFT10LSGEN электрохирургиялық электролигирлеуші аппараты берілді. Бұл – балаларға абдоминалдық, торакалдық және урологиялық операциялар жүргізуге арналған заманауи жоғары технологиялық жүйе.

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

Аталған аппарат тіндерді дәл кесуді және коагуляциялауды, сондай-ақ энергияны тін түріне интеллектуалды түрде бейімдеу мен LigaSure технологияларының арқасында минималды термиялық әсермен тамырларды сенімді түрде герметизациялауды қамтамасыз етеді.

Жабдықты қолдану операция уақытының орта есеппен 15-20 минутқа қысқаруына, қан жоғалтудың азаюына және асқыну қаупінің төмендеуіне мүмкіндік береді. Медициналық мекеменің бағалауы бойынша, бұл аппарат жылына 250-ге дейін операция жасауға қолданылуы мүмкін, бұл дәрігерлердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, өңір балаларына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады.

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

“Сәби” қоры көптеген жылдар бойы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуын жүйелі түрде қолдап келеді, әсіресе шұғыл балалар медициналық көмегіне ерекше назар аударады. “Семей медицина университеті” КЕАҚ – қордың негізгі бенефициарларының бірі. Бұған дейін мұнда Шығыс Қазақстан облысы мен оған жақын өңірлердің балаларына мамандандырылған көмек көрсететін шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесі салынған және толық жабдықталған.

“Балалар денсаулығын қолдау – біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Біз медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен кешенді түрде нығайтуды мақсат етеміз, сонда дәрігерлер балаларға көмекті барынша тиімді әрі қауіпсіз көрсете алады. Бұл аппаратты табыстау өңірдегі хирургиялық көмекті дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам”, – деді “Сәби” қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова.

L’aroush зергерлік үйі үшін бұл жобаға қатысу брендтің әлеуметтік миссиясының табиғи жалғасы болды. Ана мен қыз негізін қалаған бренд бастапқыдан-ақ қамқорлық, ұрпақтар сабақтастығы, әйелдер мен балаларды қолдау құндылықтарын бойына сіңірген. “Сәби” қормен қайырымдылық серіктестік L’aroush-тың тек эстетика әлеміне ғана емес, сонымен қатар нақты әлеуметтік маңызы бар өзгерістерге үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

“Біз үшін сұлулықтың мәні болуы маңызды. Балаларға көмектесіп, дәрігерлердің өмір сақтап қалуына ықпал ететін жобаларды қолдау – L’aroush философиясы мен қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің табиғи жалғасы”, – деді L’aroush зергерлік үйінің негізін қалаушылардың бірі Шынар Сүйендікова.
Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 16:29