Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Балалар анасыз өспесін": Қарағандыда жолаушыны құтқарған автобус жүргізушісі оқиғаны айтып берді

Қарағандыда автобус жүргізушісі бір адамның өмірін құтқарды. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түсірілімнен скриншот

Жүргізуші Алмас Мұратбек жолаушылардың бірі ауырып қалғанын көріп, дереу ауруханаға жол тартқан. Ер адамның айтуынша, ол автобусты тоқтатып, алғашқы көмек көрсетуге асыққан.

"Жүрек қағсын тексерейін десем, қолдар суық.  Оның да балалары бар, бүлдіршіндер анасыз өспесе екен дедім! Ана өлімін көру өте қиын! Анам дәрігер болып жұмыс істеді, ол ерте қайтыс болды", – деді №53 автобус жүргізушісі Алмас Мұратбек. 

Ол әр минут маңызды екенін түсінді. Сондықтан маршрут бойынша емес, тікелей әйелді ауруханаға жүрген. 

"Үш аялдамаға тоқтамай, бірден "Қарлығаш" ауруханасына келдік. Жолаушылар бірнеше аялдамадан өтіп кеткенге ашуланды.”Күте тұрыңыз, адамның халі нашарлап жатса, сіздер не ойлап отсыздар? Ол өмір мен өлімнің арасында тұр!” дедім, – деді ол

Қарағандылық ер адам қабылдау бөлмесінің жанындағы есіктерді ашып, медбикелерге жүгірген. Сол күні ауруханаға қоңырау шалыпты, мамандар әйелдің жағдайы қалыпты екенін айтқан. Ода гипертония болды. Дәрігерлер оған көмек көрсетіп, үйіне жіберді.

Бір жыл бұрын Алмаста осындай жағдай болған. 14 жыл жүргізуші қызметінде екінші жолаушыны құтқарыпты. Ол әйелді дәрігерлерге жеткізгеннен кейін барлық жолаушыларды орындарына жеткізді.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 12 Мамыр, 2023 14:23
Талқылау