Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баладан бас тартамын": Астана полициясы баласын вокзалда жалғыз қалдырып кеткен әйелді іздестіріп жатыр

Астанадағы "ескі" вокзал аумағында кішкентай бала қараусыз қалған. Бала медициналық мекемеге орналастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы ақпарат тарады. Хабарламада баланың қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазуы бар хат болғаны айтылады.

Бұл жағдайға байланысты көлік департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме сұрады. Олар баланың вокзалда қалдырылғанын растады. Полиция баланың анасын іздестіріп жатқанын мәлімдеді.

"Астана" станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды," – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото желіден



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізілген.

Талқылау