Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала үшін ең қауіпті адам – жақындары": Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа заң жобасын қолдады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бала туралы заң жобасын түсіндіріп, оқырмандарын қолдауға шақырды. Қоғамдағы оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын актриса бұл жолы да үнсіз қалмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса өнер адамы болғанымен, төрт бала тәрбиелеп отырған ана екенін алға тартып, заңды қатаңдатуды ұсынды. 

“Бала зорлағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылсын! Заңға дәл осындай өзгеріс енгізу ұсынылды. Биылғы жылдың өзінде елде 25 бала жақындарының зорлығынан қаза тапқан. Өзіңіз ойлаңызшы ағасы, көршісі, әкесі… Балаға ең жақындары қауіпті болған. Бұл не сұмдық дерсіз?! Заман ақыр орнаған ба дерсіз?! Бірақ жылды осындай шындық, сұмдық статистикамен қорытындылап отырмыз. Кеше ғана елдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл бастаған топ өкіметке “Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа арнайы бап енгізуді ұсынды. Яғни әкімшілік жауапкершілікті қылмыстық жазаға ауыстыру керек. Өз басым ана ретінде бұл заңды қолдаймын және тез арада күшіне енеді деп сенгім келеді. Мұндай жағдайда үнсіз қалуға болмайды. Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды. Заң тезірек қабылдануы үшін белсенділік танытыңыз”, – деп үндеу тастады желіде актриса. 

Желі қолданушылары актрисаның сөзін бірауыздан қолдап, заңның тезірек күшіне енуін талап етіп жатыр. Бір оқырманы: “Өмір бойы бас бостандығын айыру – халықтың төлеген салығына өмір бойы асыру деген сөз. Олай болмайды. Өлім жазасы берілуі керек” деген пікір айтты. Енді бір оқырман “өмір бойы азапталсын, аштықтан әлсіресін” деген пікірде.

Еске салайық, елімізде балалар қауіпсіздігі туралы заңға 55 өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді: 

Балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты татуласу рәсімі алынып тасталды;

Балаларға қарсы жасалған жыныстық зорлық-зомбылыққа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі;

Балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталғанын айтқан болатын. 
 

Талқылау