Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?

Продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр? Оның өмірі қалай өзгерді? Ол БАҚ алдында сұхбат беруге дайын ба? Бұл жөнінде тілшілер біліп қайтты.

адвокат-1

Түрмеде күн тәртібі минутына дейін есептелген, деп хабарлайды 31 арна.

Жазасын өтеушілер таңертеңтен тұрып жаттығу жасап, таңғы ас ішеді. Осыдан соң оларды жұмысқа жібереді. Ал, жұмыс істегісі келмейтіндер немесе жұмыс істеуге жарамайтындар отрядда қалады. Солардың ішінде Бақытбек Есентаев та бар.

адвокат-1

«Бақытбек Есентаев бір жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол отрядта қалатындардың қатарында. Қазір бізде бос жұмыс орындары жоқ», – дейді ЛА 155/8 қатаң жүйедегі түзеу мекемесінің орынбасары Әлихан Молдыбаев.

Бақытбек Есентаевтың өзі тілшілермен кездеспейтінін айтып, өзін камераға түсіруге рұқсат берген жоқ. Мекеме қызметкерлері Есентаевтың өзін салмақты ұстайтынын айтты. Оған екі қызы Айару мен Айсәуле жиі келіп тұрады екен.

адвокат-1

Түрмедегілерге өз жеке бизнесін ашуға болады. Мұнда асхана ашып, кәсібін жүргізіп жатқандар бар. Мұнда дәмді тағамдар дайындайды. Ал, тамақ жасай алмайтындар шеберлік орындарға барады. Олар ағаштан түрлі заттар ойып жасайды. Ол үшін айына 14 мыңнан жоғары ақша алады.

Ал, Бақытбек Есентаевтың мұндай кәсіп ашуға ниеті жоқ секілді.

Есте болса, өткен жылдың қарашасында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты. Баян Есентаеваны соққыға жығып, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер қолданғаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін Есентаев өзінің кінәлі емес екенін айтып, аппеляциялық шағым түсірді. Баян Есентаева да сотқа бұрынғы күйеуінің жазасын қайта қарау туралы өтініш білдірді. Одан бөлек, қазақстандықтар Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету үшін петиция ұйымдастырды. Дегенмен көптің талпынысы нәтижесіз қалды.

Тағы да оқыңыз:

Димаш елбасын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

Жас әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды

Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?

Талқылау