Бақыт Тушаев "Almaty Clean & Green" акциясынан қалыс қалмады
"Технодом" сауда үйінің жарнама роликтері арқылы танымал Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актері, "Серпер" жастар сыйлығының иегері Бақыт Тушаев үшін бүгінгі күні мерекеге тең. Актердің әр сөзінен ару Алматыға деген махаббаты сезіледі.
"Алматының тазалығы адамның өзінің тазалығы деп ойлаймын. Адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы қоршаған ортаға да әсер етеді. Сол себепті алматылықтарға қаламызды таза ұстайық дегім келеді. Табиғатты мейлінше аялайық. Табиғатты аялай білген адам, әрбір дүниесін аялай біледі", - деді Бақыт Баум тоғайында.
Айта кетейік, бүгін Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған "Almaty Clean & Green" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл игі шара аясында саябақтар, гүлзарлар, аулалар, қараусыз қалған аумақтар мен қоғамдық орындар тазартылады.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады