"Бақылауды күшейту қажет": Тоқаев түрмеде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түрмеде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев түрмедегі оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде Алматы облысына қарасты Заречный ауылының түрмесінде болған оқиғаны өз қадағалауына алғанын жеткізді. Бас прокурорға тапсырма берген ол қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізген. 

"Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, президент еліміздің барлық аймағындағы түзету мекемелерін қатаң түрде қадағалауды тапсырып, мұндай жағдайдың қайталанбайтынын ескеркен.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыскерлерді қинағаны үшін Заречныйдағы түрме басшыларын жұмыстан шығарып жіберген болатын. Сонымен қатар, түрмедегі зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты 7 қызметкер орнын босатқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр