Бағлан Әбдірайымов Корей елінде шаш бояп сырға тағатын жігіттердің қайдан пайда болғанын айтып берді
«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Ninety one тобының әніне емес, стиліне, сахналық образына қарсы екенін айтып жүргелі қашан?! Ол, тіпті, стильдерін өзгертпеген жағдайда, атышулы топ солистерін соққыға жығатын намысты жігіттердің бар екенін айтып «қорқытқан». Ninety one туралы жақсы пікірлер де көбейді. Мәселен, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев сынды өнер майталмандары атышулы топтың жақсы қасиеттерін атады. Ал Әбдірайымов болса әлі де өз ойын өзгерткен жоқ.
Бағлан Әбдірайымов «Хабар» арнасындағы «Әңгіменің ашығы» бағдарламасына қатысып, 91 туралы тағы да пікір білдірді. Сондай-ақ, Корей елінде шашын бояп, сырға тағатын жігіттердің қайдан пайда болғанын әңгімелеп берді.
«Қай жылы екенін білмеймін, бірақ Корей халқының жастарына, мәдениетіне бүкіл әлем қызығушылық танытқан болатын. Олардың мәдениеті, үлкенге, қонақтарға көрсететін қызметі бүкіл әлемді сүйсінтті. Мысалы, үлкендері тамақ ішіп отырған кезде кішілері тұрып тұрады. Сонда әлемді билеп отырған дін өкілдері қызығушылық танытып, осыны бұзу мақсатында түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асырған. Оның ішінде ақшалы көгілдірлер Кореяға барып, 4-5 баладан құратын топтар құрып, оларды бояндырып, қыздарға ұқсатып сахнаға шығарған. Кезінде олар да шулаған шығар. Қазір көздері үйренді. Бүкіл жастары солай жүреді. Жігіттер боянады, қыздардың қылықтарын жасайды. Оған көздері үйренген.
Бұл кәдімгі вирус сияқты уландырып жатқан зат екені айдан анық.
Шетелдің әндерін біз де тыңдадық. Алайда олардан да тек жақсысын алу керек, ал ұлттық дүниелер сақталып қалу керек. Тағы қайталаймын, ешкімнің өнеріне таласым жоқ. Өнер баршамызға ортақ. Ең бастысы, тамырын үзбей, қайдан шыққандарын ұмытпаса деген мақсат біздікі», – деді әнші бағдарлама барысында.
Өз сөзінде Бағлан қазақ халқының әркез үлкендердің сөзіне құлақ асқанын айтты.
«Атам қазақ о баста сөзге тоқтаған. Кезінде Төле би, Әйтеке би сияқты шешендеріміз жауласқан елді тоқтатып отырған. Сондай елдің ұрпағымыз, ал қазіргі жастар ондай қасиеттен алыстап бара жатыр. Содан кейін олар «біз заманауи көзқарастамыз, бізге еркіндік керек» деген сияқты талап қояды. Ал қарсы шығып жатқандар қазақи болмысынан айырылмаған жандар», – деді Әбдірайымов.
Жіберіп алмаңыз:
Тамара Асар: Бәріміздің баламыз әнші болса ел экономикасын кім көтереді?
Актриса Бибігүл Ақтан шаңырақ бейнеленген патриоттық татуировкасын көрсетті
Гүлнұр Оразымбетова елді шулатқан “қорқынышты” суретіне қатысты пікір білдірді
Тыңдармандар байдың үйінде ән салған Қайрат пен Төреғалиді сынап тастады (видео)