Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова елді шулатқан “қорқынышты” суретіне қатысты пікір білдірді

Жуырда ғана желіде тар қапаста ес-түссіз құлап жатқан қазақ әншісінің суреті пайда болды. Адам шошырлық күйде жатқан эстрада жұлдызын көрген желі қолданушылары шошып қалды. Олар суреттегі әншінің кім екенін болжаумен әлек болды, деп хабарлайды Stan.kz.

оразымбетова-7410

Көпшілік суреттегі әйелді әнші Гүлнұр Оразымбетоваға ұқсатты. Дүйім жұрттың болжамы расталды.

Әнші өзіне PR жасау мақсатында осындай қадамға барғанын мойындады.

“Әрине, PR қадам болды. Себебі көпшілік қызығушылық танытты. «Бұл кім? Қай әнші?» деп сұрады. Бірақ 90%-ы мен екенімді таныды”, – деді Оразымбетова НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Танымал продюсер Алтынбек Рахметов мұндай суретті желіге жүктерде оның мән-мазмұнын түсіндіріп кету керектігін айтса, әнші Медеу Арынбаев сахналас-әріптесін актрисалық қырынан танығанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында әнші “Көкке өрле” атты бейнебаянының тұсауын кесіп, әріптестерінің басын қосқан. Одан бөлек, қазақ елінің кешегісінен бүгінгі бейнесіне дейінгі кейпін суреттеуді көздеген ол 12 фотодан тұратын көрме әзірлеген. Ал жоғарыда сөз болған сурет ашаршылық жылдарын суреттесе керек-ті.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлнұр Оразымбетова тал шыбықтай белін көрсетті (видео)

Тыңдармандар байдың үйінде ән салған Қайрат пен Төреғалиді сынап тастады (видео)

Төреғалидің анасына арнаған әні тыңдармандарының жүрегін елжіретті (видео)

Салтанат Қалиева: Балаларым «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер көп болды

 

 

Талқылау