Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз
Бағлан Әбдірайымов “Ninety one” тобына қатысты жасаған мәлімдемесін түсіндіріп берді. «Жігіттер» тобының әншісі өнер әлемінде болып жатқан дүниелерге үнсіз қарап отырсақ, оның арты неше түрлі азғындыққа апарып соғуы мүмкін екенін тілге тиек етті.
«Жігіт па, жігіт болып жүру керек. Мен соны ғана айтқам. Достық кеңесім, Ерболат әлі де кеш емес деп. Жақсы топ, талантты балалар, жас балалар. Өнерлерін жалғастыра берсін, тек сырға тағып, шаш бояп… Мүлдем миыма сыймайды екен ондай нәрсе. Фейсбукка кіресің, инстаграмға кіресің, қайда кірсең де соларды көре беріп, көре беріп, жүрегің айниды. Содан кейін амал жоқ жаздым», – деді Әбдірайымов «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.
Одан кейін «Жігіттер» тобының әншісі бұған көз жұма қарауға болмайтынын, үндемесек, қоғамда азғындықтың өршелене түсетінін мәлімдеді.
«Әркім білгенін жасай беретін болса, үндемей жүре беретін болсақ, ертең ақырын-ақырын көзіміз үйренеді де, ертең дастархан басында қарап отыра береміз еркек пен еркектің сүйісіп отырғанына. Үндемей отыра берсек, оны да көреміз. Сол кезде не боламыз?» – деп жалғады сөзін ол.
Әбдірайымов мұның бәрі ағалық кеңес екенін, арада ешқандай да қызғаныштың жоқтығын айтты.
«Оларсыз да таңымыз атып, күніміз батқан. Аллаға шүкір, сахнада жүргенімізге 13 жыл болды. Көп нәрсеге қол жеткіздік. Көре алмайтындай не істеймін кішкентай балаларды. Қызғанатын түгі де жоқ. Ерболат та бөтен емес, қазақша жақсы сөйлейді, қазақша біледі. Әлі де болса естерін жиып, ретке келеді деп ойлаймын. Ал түзелмесе, ұрып немесе басқа да күш көрсетіп ешкімге ештеңені дәлелдей алмайсың. “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”. Біздікі айту парыз», – деп түйіндеді сөзін Әбдірайымов.
Естеріңізде болса, Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескерткен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз
Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде
Айнұр Тұрсынбаеваның қызы кінәсін мойындады
Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» деп айыптағандарға жауап берді (видео)