Айнұр Тұрсынбаеваның қызы кінәсін мойындады

Сенбі, 8 Қазан , 2016 23:36

2016 жылдың 30 тамызында Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Оқыс оқиға Астана қаласында болған. Жұрт осы оқиғадан кейін “Айдана оқиға орнынан қашып кетті” деп қауесет таратқан-ды. Алайда айтыскер ақын мұны жоққа шығарды. Қызы керісінше жапа шеккен азаматқа көмектесіп, қазірдің өзінде оның өмірі үшін уайымдап жүрген көрінеді. Ал дәрігерлер 28 жастағы азаматтың денсаулығы жақсы екенін айтып жатыр.

256985олл

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Соңғы кезде Айнұр Тұрсынбаеваның қабағы салыңқы. Себебі, тұла бойы тұңғышы Айдана Астана қаласында көлігімен 28 жастағы Біржан Қасымғалиевті қағып кеткен. 18 жастағы бойжеткен Land Rover көлігін тізгіндеп жүр екен.

“Бұл жерде мен бір-ақ нәрсе айта аламын. Біріншіден, қызым өзінің кінәсін мойындап тұр. Екіншіден, біз жәбірленушімен татуласу үшін көп қадам жасадық. Бұл әрекетіміз нәтижесін бермеді. Олар заң бойынша болсын десе, айтқандары орындалады. Өйткені, олар – жәбірленуші тарап. Ал оқиғаның қалай болғанын, екі тараптың арасында қандай әңгімелер болғанын айтуға маған тыйым салынды. Шынымды айтсам, қызым қатты қиналып жүр. Өмірде көп нәрсені жоғалтып алғандай күй кешуде. Жұмыс жағынан болсын, оқу жағынан болсын “Енді қолымнан келмейтін шығар, жолым болмайтын шығар” деген оймен жүрген сыңайлы. Өзі позитивті қыз еді. Бірақ 100 пайыз болмаса да, 60-70 пайызға өзгеріп кетті. Мінез-құлқында да көп өзгеріс пайда болды”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Әлдекімдер айтып жүргендей қызы Айдана оқиға орнынан қашып кетпеген. Ақынның отбасы жәбірленушінің туыстарымен келісімге келіп, оларға қол ұшын созбақ болған. Алайда Қасымғалиевтердің отбасы бұл ұсыныстан бас тартқан. “Ең бастысы, жігіттің аман қалғанына шүкіршілік етіп жүрміз” дейді Айнұр ханым. Дәрігерлер де жігіттің жағдайының жақсы екенін айтып жатыр. Ал қызы Айдана қазір психологиялық көмекке мұқтаж көрінеді.

“Енді оған қаншалықты қадам жасауым керектігін білген жоқпын. Қазір оны кінәласам, ол өзін жегідей жеп жіберуі мүмкін. Керісінше “сенікі дұрыс” деп те айта алмаймын. Қызымның жөнсіз қыдырып, клубқа барып, түнге дейін жүріп, біреудің үйінде қонып қалғанын көрген емеспін. Қызымда мұндай жаман әдеттер болған емес. Ал болса, әңгіме мүлдем басқа болар еді. 18 жасқа келсе де, жігіттермен хат алысқанын да байқаған емеспін. Мінезі ашық, ақкөңіл. Сондықтан мұны қателігі деп айтар едім. Бәлкім сынақ та шығар. Басына түскен жазым ғой. Оған өзім де сабақ болған шығармын деп ойлаймын. Көбінесе қалай тіл табысу керектігін ізденемін. Мұның барлығы әдейі істелген жоқ деп айтар едім. Қазір амалсыз психологиялық дәрістерге барып жүр. Өйткені, ода  “адам өліп кетуі мүмкін ғой” деген ой әлі де бар сияқты. Жапа шеккен жігітке де дәл осындай көмек көрсеткен болатынбыз, бірақ келіспеді.

Бала тәрбиелеп отырған кез келген ата-ана қазір ақынның жағдайын жақсы түсінеді. Ешкім мұндай сынақтан сақтандырылған емес. Өкініштісі, біздің қоғам қателескен адамды аямайды. “Жағдайдың ақ-қарасын білмей тұрып сынауға болмайды” дейді ақын.

“Әлеуметтік желі қатыгез адамдар үшін таптырмас құралға айналған сияқты. Агент пайда болған кезде барлығымыз қатты қуанған едік қой. Ол да қалды. Қазір ол желіде кімдердің отыратыны белгісіз. Сол секілді пікірге назар аударатын адамдардың да қатары азайған сияқты… Әлеуметтік желі мен жағымсыз сайттардың астында жазатын пікірді өзіне берілген билік деп түсінетін жандар да бар. Олар  “Мен жаза аламын. Мен кімнен қорқамын” деп ойлайтын адамдар. Әрине, сен ешкімнен қорықпайсың, жазасың. Бірақ барлығын жазып тұрған бір Алла бар екенін ұмытпау керек шығар”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева майлы бетті қалай күту керектігін айтты

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Айй адамдар ай кешірімді болу керек 5000 доллар беріп ат шапан айып төлеп отыр ғой 20000доллар сұрайтындай не көрінді ұят деген болу керек қой саған əдейі істемеді ғой Айнұрды бай екендеп тонай бересіңдерме Өзің біреуді қағып байқамай қағып кетсең сенен осыншама ақша талап етсе қалай болар еді

  • Анонимно says:

    Омирде бари болады.Тусинистикпен карайык.Кеширим ди болайык.Алланын сынагы.

  • Анонимно says:

    Шайтанын болдырган иси ен бастысы екеуиде аман.Аман калган жигитте кеширим берсе.Соккан жан комегин берсе одан артык бакыт барма.Казакгым кеширимди болаиык.

  • Анонимно says:

    Қорыққан түбі қуаныш болсын деп жатады бəрі жақсы болады уайымдамаңыз зардап шеккендер келіссе боладығой бала аман екенқұдайға шүкір аман қалғанына шүкір деу керек бірақ қызыңызда байқап жүрсін бəле қайда бассаң айаяқ астында деген осы ғой

  • Анонимно says:

    Оған сіз кінәлісіз Айнур ханым! 18 жасар қызға машина апәрген сіз! 25 жасында оң солын танып, тежеуішті басуға реакциясы жетілгенде отырғызбайсыз ба автокөлікке?! Енді заң аясында сотталуы тиіс емес пе?

    • Анонимно says:

      18 жасар қыз тұрмақ үлкен кісілер де талай адам қағып жатыр.Ол жасқа қарамайды.Ол-жазмыш.Ең бастысы,адам аман.Көмек қолын созып тұр.Оған жəбірленуші жақ қарсы боп “үлкен” сумма талап етіпті(естіген құлағым жазықты болмасын) Бұл жерде тек “шансты” жібермеуді ойлап тұрған сияқты жəбірленуші.Алдыңа келсе атаңның құнын кеш!Небір сорақы сұмдықтар болып жатыр ғой.Əлгі бір дөкейдің баласы мас күйінде талай адамды қағып өлтірсе де тайраңдап жүрген жоқ па?Кім,не істей алды?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар