Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева майлы бетті қалай күту керектігін айтты

Айнұр Тұрсынбаева желі қолданушыларына берген уәдесін орындап, майлы бетті күтудің сырын ашты.

10729175_724414954317644_1991205138_n

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Айнұр Тұрсынбаева арзан дәрілердің көмегімен бет терісін қалай күтетінін айтты. Артынша желі қолданушыларының өтінішімін осы тақырыпқа қатысты жазбасын бөлісті. Алғашында айтыскердің бет терісі құрғақ болғандықтан, өзіне жасайтын косметологиялық рәсімдер туралы ғана айтып өткен болатын. Бұл жолы ол майлы теріні қалай күтуге болатынын айтты.

“Біздің бойжеткен кезіміз косметиканың жоқ кезіне тап келді ғой.  Крем дегенде тек балаларға арналған кремдер, маска дегенді тіпті білмедік. Тек бір есімде қалғаны қиярды көп жейтін едім. Жегенде де жәй жемей ортасынан қақ бөліп ішін қасықпен ойып стақан жасап қоятынмын. Сонда қиярдың ішінде әжептеуір суы пайда болады, соны ерінбей бетіме жаға беретін едім.

Кішкене жағып, кепкен соң қайта жағу керек. Ішіндегі суы таусылған соң қабыққа көшемін, оны да солай әбден құрғағанша жаға беру керек, күніне 2 рет 10 минуттан жағып отырсаңыз бірнеше күнде бетіңіз жұп-жұмсақ болып, 1 айда әппақ болып шыға келесіз. Ал дақтарды кетіру үшін лимон жақсы.  Бірақ лимон жаққаннан соң күнге мүлде шығуға болмайды, дақ одан сайын қап-қара болып кетеді.

Сондықтан лимонды тек жатарда ғана жаққан дұрыс. Және лимон бетті құрғатады, сол үшін бетіңіз құрғақ болса кішкене қаймақ қосып, немесе балалар креміне қосып жаққан абзал.  Кез келген крем, кез келген маска бірден көмектеспейді, сол үшін күн сайын тиянақты жасау керек. Мен үшін ең керемет маска – қияр! Күніне 2-3 рет ерінбей жаға беріңіз нәтижесі тез арада көрінеді. Сәттілік қыздар!” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Өтініштерін жерге тастамай, Қытайда жүрсе де уақыт тапқан айтыскерге желі қолданушылары ризашылықтарын білдірді.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

 

Талқылау