“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

“Өнер қырандары” театрының актерлері айтыскер ақындар Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашевқа пародия жасады. Пародия жасап қана қоймай, Тұрсынбаеваға “Ainur Motors” директоры деген лақап ат берді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Өнер қырандары» театрын  2005 жылы Темірбек Жүргенеов атындағы Өнер акдемиясының студенттері құрған.  Сол уақыттан бері  театр  қызықты әзіл-сықақтармен қатар, пародия жанрындағы қойылымдарымен де ерекшеленеді. Бірқатар тележобалардың жүлдегері.

Аталған театр  «Ялла», «Дос-Мұқасан», Әлішера Кәрімов, Ескендір Хасанғалиев, Заттыбек Көпбосынов сынды жұлдыздарға пародия жасаған болатын. Бұл жолғы кезек айтыс өнерінің майталмандары Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашевқа бұйырыпты. Ал айтыскер ақын Тұрсынбаева “Ainur Motors” көліктер салонының директоры деп лақап ат беруі ақынның осы уақытқа дейін сайыстардан көп көлік ұтып алғанымен байланысты болса керек-ті.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Айнұр Тұрсынбаеваның адамзаттың ең үлкен қателігі туралы ойымен бөліскендігі туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар