Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Танымал әзілқой Жанболат Найзабеков енді қайтып Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты. Мұнымен қатар, сахнаға әйел образында шықпауға уәде етті.

image

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап  хабарлайды.

Ағымдағы жылы “Өнер қырандары” театры кезекті концертін берген болатын. Аталған концертте жігіттер Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашевке пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылған-ды. Алайда әзілқой Жанболат Найзабеков бұдан кейін Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты.

“Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамас бұрын ең бірінші қоңырау шалып рұқсат алдық. Одан кейін көптеген дайындық жұмыстарын жүргіздік. Сахнада өзін-өзі ұстауын, домбыра шерту әдісін, сөйлеу және айтысу мәнерін зерттедім. Артынша дауысқа салып көрдім. Бір пародия шыққандай болды”, – дейді Жанболат Найзабеков.

Танымал әзілқой сахнаға шыққан кезде қатты қобалжыған екен. Себебі, алдыңғы қатарда Айнұр Тұрсынбаева отырған. Ал ақынның сол сәтте күліп, күлмегені белгісіз. Десе де, Жанболат бұл пародияны енді сахнаға алып шықпайтынын кесіп айтты.

“Жігіттерге де, өзіме де енді әйелдің рөлін сомдамаймын деп уәде еттім. Бұл шешіміме толықтай сенімдімін. Жалпы Айнұрдың образы – іш пыстырмайтын жақсы рөл. Оны әлеуметтік желідегі көрсеткіштерінен-ақ көруге болады”, – дейді ол.

Актердің бұл әрекетіне қарап Айнұр Тұрсынбаевамен ренжісіп қалған ба деген ой келеді. Десе де, “Өнер қырандары” театрының жігіттер арада еш түсініспеушілік болмағанын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Ақын жұртты 5 мың шығарып 500 мың ұтқан әріптесінен сабақ алуға шақырды

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

Талқылау