Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 16:05

Қоғамда дау тудырып, тыңдармандарды екіге бөлген Ninety one тобына «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов тағы да наразылығын білдірді, анығында «достық» кеңесін берді.

баглан 91

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін “Ninety one” тобының жігіттерін “Отряд самоубиц” фильміндегі Харли Квинге теңеген Әбдірайымов бұл жолы ашық шабуылға көшті. Әншілікпен қатар бокспен де айналысатын ол сырт келбеттерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті.

«Ерболат және 91 тобы! “Есің барда еліңді тап” – деген мақалды еске түсірейін. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

 «Дұрыс айтасың, Бағлан! «Ел болам десең бесігіңді түзе». Көнбесе күшпен көндіру керек», «Бағлан бауырым, толық қолдаймын», «Осыларды көрсем жүрегім айниды», «Намысы жоқ жігіттер екен, қандай сөздер айтылып жатыр», «Ол жігіттердің өнеріне, даусына ешкімнің таласы жоқ, стильдерін ауыстырса болды ғой», «Айтқан әндері жақсы, сахнаны жандырып жібереді. Бірақ түрлері өте жаман. Сахнаның стилі болса да, ер жігітке тән емес», «Расымен де ұят қой мынау», – дейді Әбдірайымовты жақтаған желі қолданушылары.

Есесіне 91 тобының жанкүйерлері де үнсіз қалмады.

«Аға, кешіріңіз, сізді сыйлаймын, бірақ бұл топқа ұрыспаңыз. Олар болмаса плагиатты тыңдаймыз ба?», “Жігіттер” тобы, оларды сынайтын сіздер емес», «Бұлай пост жазғаныңыз іш күйдіртті», «Аға болып дұрыс ақылдарыңды айтсаңдар қайда қалдыңдар», «Бояуда тұрған ештеңе жоқ», – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз: 

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Оңтүстік жастары: “Ninety one” тобына қарсымыз, Шымкентте концерт өткізуіне жол бермейміз (видео)

Алаяқтар Ninety one тобының атынан байқау өткізіп жатыр

Ninety one бейнебаяндарының “ауылдық” нұсқасы шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

27
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бағылан жарайсың

  • Анонимно says:

    АЙ ОСЫ 91 ТОБЫН ҚОЛДАҒАННДАРДЫҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ ЕКЕН?ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАШ АДАМ КИПІНДЕ ЕМЕС,ҚҰБЫЖЫҚ ҚОЙ

  • Анонимно says:

    Жаным 91 тобы маган унайды! Нелериниз бар оларда? Унамаса тындаманыздар!

  • Анонимно says:

    Ой типа жигит болып жазган тури шыгар

  • Анонимно says:

    Пля продюсері мен стилисті сондай адам болар

  • Анонимно says:

    Осыларды сыңағаңнан басқа халықта басқа мәселе қалмады ма , аңдығандарыңыз осы топ болды ғой

  • Анонимно says:

    Баглан базар жок айыру керек просто Шайтан катты азгырган Ау буларды

  • Анонимно says:

    Жаңбыр жауды. Енди жер көгеру керек табиғат заңы бойынша)))

    • Анонимно says:

      Бағланның сөзіне қосыламын. Егер бұлардан қазір құтылмасақ – елімізге гомосексуал т.с.с. ағымдағы пенделер кіріп немесе пайда болып, көбейіп кетуі мүмкін. Өнерлі болса – шапан киіп айтса да жақсы бағалармыз халық болып. Алласын т.ғ. ұмытпасын бұлар!!! Батыстың іріп-шіріген, адамды азғындыққа итермелейтін мəдениетінің елімізде таратылуына жол бермейік ағайын! Бірдеңе жазбас бұрын, өзіңнің қазақ жəне мұсылман екеніңді ұмытпа! Алла т.ғ. жын-шайтаннан аулақ етсін елімді!

  • Анонимно says:

    Жақтарын сындыру керек ау дим

    • Анонимно says:

      Жақтарын сындырып қолдарына ұстатып жіберу керек

  • анон says:

    Багланга косылам

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар