Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭЦҚ халықты шаршатқанын мойындаймын – министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық цифрлық қолтаңбаның қолайсыз екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Минист QR код жүйесі ЭСҚ-ға қарағанда несімен қолайлы екенін түсіндірді.

"Мен электрондық цифрлық қолтаңба халықты шаршатқанын мойындаймын. Бір жерге бару керек, оны алу керек, қосымшасын орнату керек. Цифрлық даму министрі ретінде бұл жүйе көңілімнен шықпайтын.  Осы жерде отырғандардың арқасында, біз QR кодтарын қолдану мүмкіндігіне ие болдық. eGov Mobile жүйесінде QR арқылы кіруді ашқанда, кез келген QR кодын көрсетіп, қол қоюға болады", – деді ол.

Бағдат Мусин QR жүйесі жағдайында USB флэш-дискілері мен компьютерлерде ешқандай ақпаратты сақтаудың қажеті жоқ екенін баса айтты.

Талқылау