Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдесін иеленді

Харбиндегі Азия ойындарында ел қоржынына үшінші алтын медальді Қазақстан биатлон құрамасы салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

10 шақырымдық спринт сайысында отандасымыз Владислав Киреев мәре сызығын бірінші болып кесті. Осылайша спортшы Қазақстан құрамасына үшінші алтын жүлдені алып келді.

Жарыста алғашында бірінші айналымнан кейін көш басында қазақстандық Вадим Куралес болған еді. Екінші ату аймағынан кейін көш басына қытайлық Канг Гу шықты. Келесі айналымда Куралес қайта көш басына шықты. Алайда жарысқа кейінірек қосылған Владислав Киреев бәрін сәтті орындап жеңімпаз атанды.

Күміс жүлдені де осылайша қазақстандық спортшы ұтты. Вадим Куралес жарыс нәтижесінде екінші орынды иеленді. Ал Кинг Гу қола жүлдені еншіледі.

Бүгін ел қоржынына екінші алтынды фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы салған еді. Сондай-ақ фристайшы аруларымыз да жүлде алған еді.

Талқылау