Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азия Авто" басшысы өз-өзіне қол жұмсады

Шығыс Қазақстан облысында "Азия Авто" басшысы Антон Ненахов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Өскемен қаласының Ертіс полиция басқармасы бөлімі Қылмыстық кодекстің 105 бабы (Өз-өзіне қол салуға жеткізу)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. 

“Сот сараптамасы тағайындалды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Полициядағылар өзге ақпарат тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жарияланбайтынын айтты. 



Бұған дейін салық органы  "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялаған болатын. Ол тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Азия Авто" кәсіпорынымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзған болатын. Сот келісімді жарамсыз деп таныды. 

Талқылау