Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - барып тұрған ауызжаласу": Үкімет "АЗИЯ АВТО" және "СарыарқаАвтоПром" ұйымдарымен екі түрлі келісімшарт жасағаны әшкере болды

Қазақстан үкіметі "АЗИЯ АВТО" және "СарыарқаАвтоПром" ұйымдарымен екі түрлі келісімшарт жасап, ауызжаласу орын алғаны әшкере болды. Бұл туралы танымал қазақстандық журнлаист Михаил Козачков жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTag порталына сілтеме жасап. 

договор

"Кеше мен әлеуметтік желідегі парақшамда жазба қалдырдым. Онда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін барлық автоөнеркәсіп өкілдерімен жасаған келісімшартты ашып көрсетуге шақырдым. Былай қарасаң, біздің "АЗИЯ АВТО" ұйымы келісімшатта көрсетілген талаптарды орындамайтын жауапкершілігі жоқ мекеме болып тұрғаны ғой. Сол себепті бізбен келісімшарт үзілген, десек те оның уақыты 2020 жылдың соңында аяқталатын еді. Уақытылы жұмыс жасамайтын, міндеттемелерін орындамайтын, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы келісімге мүлдем сай келмейтін болып тұрғанымыз ғой. Таңертең менің қолыма министрлік пен "СарыарқаАвтоПром" ЖШС басшысы Андрей Лаврентьев арасында жасалған келісімшарт түсті. Бұл кәсіпорын Қостанайда орналасқан, осы уақытқа дейін олар сапалы әрі қолжетімді көліктер шығаруды уәде етіп, Қазақстанның даму банкінен қомақты соманы несие қылып алған. Қостанайлықтар да үкіметпен келісім жасағанын естіп, біз таңғалудамыз", - деп жазады Козачков өзінің Telegram-каналында. 

10 жыл бұрын, 2010 жылы маусымда жасалған келісімшартта "СарыарқаАвтоПромның" қытайлық Jac S3 көліктерінің өнеркәсіптік өндірісін қолға алғаны көрсетілген. 

"Олардың тауарлық позициясы "АЗИЯ АВТО" ұйымындай - 8703 ТН ВЭД. Бұған қоса, олардың зауыттарында 84 айдың ішінде бүкіл өндірістік тізбегін, оның ішінде, көлік шанағын балқыту (сварка), бояу, құрастыру; көлік салонының монтажы; жинақтық күшінің, рөл механизімінің, шығару жүйесінің монтажы; электр құрылғыларының, көлік аспасының монтажы; экстерьер элементтерінің монтажы; дайын моторлы траспорттық құралдардың бақылау жұмысы орындау сынды шарттарды жүзеге асырылатын айтылыпты. Егер жоғарыда айтылған дүниелер іске асырылса, "СарыарқаАвтоПром" үкіметтен бірқатар жеңілдіктерге ие болатын сыңайлы. Тағы бір маңызды дүние - ЕЭО аясындағы келісімдерге сәйкес, антоөндіруші жергіліктендіру саясатын жүргізуі қажет. Яғни, көліктің құрамдас бөліктерінің 50%-ы автокөлік жасалатын мемлекетте өндірілуі тиіс. Қытайлық Jac S3 көлігін құрастыруда міне осы тұрғыда қиындықтар пайда болды", - деп қосты журналист. 

Осыған орай, журналисттің сөзінше, үкімет пен "СарыарқаАвтоПром" 2018 жылы маусымда тағы бір келісімшарт жасауға тура келіпті. 

"Жеті жыл болған (84 ай) келісімшарттың бұл уақытта мерзімі өтіп кеткендіктен, оны ұзарту қажет болған. Дегенмен осы кездің өзінде Jac көлігін жергіліктендіру тек 40%-ға ғана орындалған, яғни шартқа сәйкес емес. Ал жаңа келісімшартта жергіліктендірудің жаңа кестесін жасалған: 2018 жылы - 30%, 2019 жылы - 40%, 2020 жылы - 50%. Яғни, екінші мәрте жасалған келісімшарт бойынша міндеттерді орындау 2020 жылға дейін ұзартылған. "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алдына қойған міндеттемелерді орындамағаны кешіріліп, оны түзетуге тағы уақыт берілген. Еске салайық, бұған дейін өскемендік зауыт уақытылы шарттарды орындамағаны үшін үкімет олармен келісімшартты бірден үзген еді. "СарыарқаАвтоПромға" үш жыл, "АЗИЯ АВТО-ға" бір жыл ғана уақыт берілген. Қалай болғаны? Индустрия және инфрақұрымдық министрлігінде ешбір адам далаға кеткен ақша туралы жақтарын ашқан емес. Бұл барып тұрған ауызжаласу ғой", - деді Козачков. 

Сөзінше, "СарыарқаАвтоПроммен" жасалған келісімшарттағы қателіктер тайға таңба басқандай көрінеді. 

"Негізі келісімде зауыттың іске қосылу мерзімі ретінде 84 ай көрсетілген. Бірақ екінші рет жасалған келісімшартта бұл мерзім өзгертілмеген. Яғни, алғашқысына осы уақыт алынып тасталғанын ескеру тиіс еді. Алайда бұл туралы еш жерде айтылмаған. Демек, бұл құжатты кез келген, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз деп таба алады. Неге екені белгісіз, үкімет қостанайлықтарға қарсы уәж айтар емес. Егер вице-премьер Роман Скляр индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов автоөндіріс саласында түбегейлі түзету жұмыстарын жүргізетін болса, неге олар тек Өскемендегі ұйымдарға тиісіп отыр? Басқа қалалар қайда қалды?", - дейді Козачков. 

Сондай-ақ, ол Hyundai зауыты мен үкіметтің жасаған келісімшартын күтіп отырғанын жазады. 

Еске салайық, бұған дейін "АЗИЯ АВТО" ұйымының басшысы Ерік Сағымбаев ТЖ жағдай уақытында, 11 сәуір күні министрліктен өндірістік келісімшарттың бұзылатын жайлы хабарлама алғанын мәлім еткен. Десек те келісімшарттың мерзімі аяқталуға әлі ерте екен. 

"Біз өз міндеттемелерімізді білеміз. Осы уақытқа дейін инвестицияның 80%-ы орындалды, бұл инвестиция - біздің өз қаражатымыз: мемлекеттен бір тиын да жоқ. Біз айтылған қаражатты өзіміз тауып, өзіміз құйып отыруымыз қажет еді. Біз келісім бойынша жұмыс атқаруымыз керек. Желтоқсан айында зауыт жаңа құрал-жабдықтарды қабуылдауға дайын болады. Келісім бойынша 2020жылдың 31 желтоқсанына дейін міндеттерімізді орындау қажет болатын. Алайда үкімет қарсылығын келісім аяқталуына сегіз ай бұрын, сәуірде білдіріп отыр. Сәуірде талаптар қойылмай жатып, министрліктегілер барлық мемлекеттік органдарға келісімшарттың бұзылғаны жайлы хабарлама жіберіп үлгерген", -деді Сағымбаев. 

Сонымен қатар, ол егер "АЗИЯ АВТО" жабылса төрт мыңнан астам адам жұмыссыз қалатынын ескертті. 

Талқылау