Азия чемпионатында әйелдер күресінен Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті
Фото:Спортты дамыту дирекциясы
Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен Гүлмарал Еркебаева ел қоржынына қола жүлде салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
76 келіде отандасымыз қола медаль үшін тартыста Оңтүстік Корея елінің балуанымен күш сынасты. Тартысқа толы белдесуде 5:1 есебімен Гүлмарал Еркебаева қола медальді қанжығасына байлады.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер күресінен үздіктер қатарында болған 72 келіде Жәмилә Бақбергенова, 53 келіде Зейнеп Баянова жарыс жолынан шығып қалған еді.
Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті