Азат Мақсұм UFC турнирінде Тагир Уланбековпен жекпе-жек өткізеді: Бастапқы қарсылас жекпе-жектен бас тартты
Фото: UFC
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм келесі жекпе-жегін UFC аясында өткізіп, октагонда ресейлік Тагир Уланбековпен кездеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнир 2025 жылы күзде Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл – UFC тарихындағы Бакуде өтетін алғашқы кеш.
Бастапқыда Уланбековтің қарсыласы жекпе-жек әлемінің жұлдызы — бұрынғы Rizin және Bellator чемпионы, сондай-ақ UFC титулына бұрынғы үміткер Киоджи Хоригучи болуы тиіс еді. Алайда жапониялық спортшы белгісіз себептермен турнирден шығып қалды. Оның орнына қарсылас ретінде Азат Мақсұм ұсынылды.
Азат Мақсұм (15-1) — Octagon лигасының бұрынғы чемпионы. Ол бұл атақты 2023 жылдың қаңтарында Фабрицио Нуньесті сабмишнмен жеңіп иеленді. Шілде айында UFC-де дебют жасап, Тайсон Намды ұпай санымен ұтты. Алайда келесі жекпе-жекте, 2024 жылдың ақпанында, Мақсұм Чарльз Джонсонға төрешілер шешімімен жол беріп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Тагир Уланбеков (16-2) — AMC FNG және GFC ұйымдарының бұрынғы чемпионы. UFC-дегі дебютін 2020 жылы өткізген дағыстандық файтер алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетті, бірақ 2022 жылдың наурызында Тим Эллиотқа ұпай санымен жол беріп, мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Осыдан кейін Уланбеков қатарынан үш жеңіске жетіп, Нэйтан Манессті және Коди Дерденді сабмишнмен жеңді. Ал 2025 жылдың қаңтарында Клэйтон Карпентерді ұпай санымен жеңіп шықты.
Бакудегі турнирдің нақты күні мен толық кард кейінірек жарияланады.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
