Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Байзақова: Бір кездері шашбау тағып, қазақтың қарапайым қызы ретінде басты рөл сомдаған едім

Айжан Байзақова бір кездері қазақтың қарапайым қызы ретінде киноға түсіп, бас рөлді сомдағанын айтты.

Байзақова бір кездері өте ұяң қыз болғанын, қазіргідей ерсі қырынан танылам деп ойламағанын айтты. 

"Менің криминалды өткен шағымнан кім хабардар? Бір кездері актриса болуды армандадым. Анаммен бірге кастингтерге баратынмын. Бірде мені Мәскеуге Павл Чухрайдың "Сынақ" фильмнің бас рөлін сомдауға шақырды. Ол кезде өте ұяң едім. Қазіргідей ашық-шашым образбен елге танылам деп ойламадым. Қазақстаннан небір актрисалар кастингтен өтпей, кәсіби маман емес мені шақырғанда таңғалдым. Алайда ол жоба жарыққа шықпады. Менің арманымның күл-талқаны шықты. Кейін мүлде басқа кейіпте танылып шыға келдім", - деді Байзақова желідегі парақшасында. 

Айтуынша, ол кездері ұзын шашына шашбау тағып, қазақтың  ұлттық киімін киюді мақтаныш санаған. Фильмдегі сүйісу мен ұятсыз кадрларға түсуден бас тартқан. 

"Сол келбетің әдемі еді", "Бояусыз табиғи түрің әлдеқайда жас, әрі сұлу", "Бұрынғы образың өте ұнайтын, актриса ретінде қызығушы едім, кейінгі образы мүлде басқа", деп жазды желідегілер. 

Талқылау