Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтыскер ақын Ақмарал Ілеубаеваның ұлы көз жұмды

Айтыскер ақын, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Ақмарал Ілеубаева ұлынан айырылды. Өнер жұлдыздары қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Айтыскер ұлының қырқына ас беріп, құран оқытты. Өнер жұлдыздары айыскердің қайғысына ортақтасып, қайғыра көңіл айтты. Роза Әлқожа қайырлы болсын айтып, жантолқынысын өлеңмен жеткізді.

“Жаным, апам… “Ботамдатқан” жаратқанның ісіне сене алмай,халі қандай болды енді деп іштей ғана сізді ойладым. Иманыңыз бен тобаңыз барын біліп, үнсіз егілдік…
Көргенде, көріскенде жұбатарға сөз таппай күмілжігенім-аййй!.. Алланың сүйген құлын сынайтыны осы болса, сүйіктісі болғаныңа тәубе еттік, не дейін?!.Бір түйір ұл беріп, оны міне, өсті, үйленді дегенде қайта өзіне алып қойған тәңірдің ісіне пенденің шағым айтар шамасы бар ма?!. Ботасын жерлеп, қырық күн қайғырып, іші шерге толған аруананың жанарында айқайлап айтылып жатқан зарын жанарым ғана ұғып тұрды….

“Атамдатсаң” – атамдат, “Ботамдатпа,” жаратқан!..”
Алладан сабыр ғана тіледім!
Сен – талант дегеннің өзі едің, апа.
Сен – айтыстың ақмаңдайлысы едің, апа.
Әнінің әрі бөлек, жырының мұңы бөлек, жалқым-ау!..
Жанымның жақыны едің. Бұл қайғыңды қайтсем жеңілдетем?!.
Ердосжанның жаны жәннаттан болғай!
Әйгерімжанның қызығын көруге жазсын Алла!, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ме айтыскердің тыңдармандары қазаға көңіл айтып жатты.

“Иманды болсын,Алла сабыр берсін, өкінішті,Қазаның арты қайырлы болгай, жаткан жері жайлы болсын”, – “Қазаның арты қайырлы болгай, жаткан жері жайлы болсын”,”Тас түскен жеріне ауыр”, – дейді олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Қаңтар, 2019 16:15
Талқылау